Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,2% - ға ұлғайып, 20,4 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы – 628,6 млрд теңгеден астам (бір жылдағы өсім-14,4%). Бір жылдағы ең үлкен өсім (44,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтарды көрсетті, олар 7,1 млрд теңгеден асты.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түседі. Осы жылдың тоғыз айында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 170 млрд теңгені құрады.
Кіріс ағындар
Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен өседі. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте салымшылардың шоттарына зейнетақы жарналары 2 трлн теңгеден асты (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,5% - ға немесе 457,5 млрд теңгеге өсті).
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс жыл басынан бері бірінші қыркүйекке шамамен 2,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 716,3 млрд теңгеге (немесе 52,3% - ға) жоғары.
Шығыс ағындар
2024 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударымдар мен жарналардың барлық түрлері бойынша төлемдер түріндегі шығыс ағындары 860 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі төлемдер көлемінен 454,3 млрд теңгеге немесе 112% - ға артық.
375,1 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖТ) құрайды.
Зейнетақы жасына жетуіне байланысты төлемдер 147,3 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 35,1% - ға жоғары.
Аталған кезеңде мұрагерлік бойынша төлемдер – 45,1 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 29,7 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – шамамен 2,3 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 7,5 млрд теңгеден астам жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 252,9 млрд теңгеден астам сома аударылды.
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ – дан орташа айлық төлем сомасы 33 872 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы-945 752 теңгені құрады.
Ашық дереккөзден алынған сурет