Сақтандырудағы технологияларды жеке бағыт – insurtech деп бөлуге болады. Кез келген сақтандыру полисін онлайн түрде және бірнеше минутта ресімдеуге болады. Тек ноутбук немесе смартфон және интернетке қосылу керек.
Бұл технологиялар қарапайым және қолжетімді және пайдаланушыларға мүмкіндік береді:
- өзін және өзінің жақындарын әртүрлі тәуекелдерден қомақты сомаға сақтандыру;
- сақтандыру компаниясының кеңсесіне бармай-ақ сақтандыру полистерін онлайн сатып алу;
- уақытты үнемдеу, себебі сақтандыру бірнеше рет рәсімделеді;
- ағымдағы қажеттіліктерді ескере отырып, жаңа және өзекті сақтандыру өнімдерін жылдам алу;
- сақтандыру полистерін сатып алу арзан, себебі онлайн-формат сақтандыру компанияларының шығындарын үнемдеуді көздейді.
Insurtech
Insurtech бағыты бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді. Infoholic Research LLP сараптамалық компаниясының мәліметінше, 2018 жылы әлемдегі insurtech-компаниялардың жиынтық кірісі 533 млн долларды құрады, ал 2023 жылға қарай ол екі есеге артып, 1,12 млрд долларды құрайды.
Insurtech-стартаптар төмендегідей салаларда ІТ-шешімдерді табысты әзірлеуде:
- жасанды интеллект және машиналық оқыту;
- сақтандыру саласында аялақтықты төмендету үшін антифрод-шешімдері;
- кибертәуекелдерді бағалауға және болдырмауға арналған технологиялар;
- бейнеаналитика және телематика;
- бизнес-процестерді оңтайландыру үшін платформатизация.
Саланың келешегі туралы оған инвестициялардың ағылып келуі айтады. Deloitte компаниясының мәліметінше, insurtech-жобаларға инвестициялардың жиынтық көлемі 1998-2018 жылдар аралығында шамамен 12,5 млрд долларды құрады. Willis Towers Watson мәліметінше, 2019 жылдың өзінде insurtech-компаниялар мен жобалар 4,36 млрд доллардан кем емес қаржыны тартты.
Сақтандырудағы технологиялық жобаларға инвестициялар тартуда көшбасшы нарық АҚШ – 50%-дан сәл ғана төмен, оның артында Ұлыбритания – 10%-а жуық. Қытайға инвестициялар жылдам өсуде – 2019 жылдың өзінде нарықтың 10%.
Әлемдегі бес ірі Insurtech компаниясы:
ZhongAn – қытай компаниясы. Компанияның бизнес-моделі AI және Big Data қолдануға негізделген.
Acko General – үнді стартап. Компания клиенттерге барлық сақтандыру қызметтерін бір жерден көріп, сатып алуға мүмкіндік беретін инновациялық сақтандыру платформасын құру есебінен өсті.
Oscar Health – американдық компания. Денсаулық сақтау саласында сақтандырумен айналысады. Клиенттерге өз қосымшасымен біріктірілген тегін фитнес-трекерлерді ұсынады.
Lemonade – әлемдегі алғашқы сақтандыру полисі атағына үміткер америкалық компания. Ол AI мен мінез-құлық экономикасының қағидаттарын пайдалануға негізделген.
Shift Technology – француз компаниясы. Бұл клиенттік шағымдарды өңдеумен айналысатын сақтандырушыларға арналған B2B-компания. Қызмет (SaaS) ретінде бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынады, сақтандыруда алаяқтарды анықтау үшін AI және деректерді талдауды пайдаланады.
Болашақта insurtech-тен қандай жобаларды күтуге болады?
Қазақстанда технологиялық сақтандыру алдағы бес жылда үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалана отырып, скорингті жетілдіре отырып, жаңа өнімдерді дамытып, ұсынатын болады. Автокөлік иелері үшін тұтас технологиялық экожүйелер пайда болуы мүмкін.
Технологиялық сақтандыру дегенде жаңа өзекті сын-қатерлерге өте тез жауап беретіндіктен дамитын болады. Мысалы, коронавирустан технологиялық және қарапайым сақтандыру нарықта рекордтық қысқа мерзімде пайда болды. Insurtech кез келген басқа да туындайтын трендтерге бірден әрекет етуге, клиенттердің жаңа қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы сақтандыру нарығы жылдам цифрлы болып, біздің күнделікті өмірімізге үйлесімді сай келеді. Келесі қадамның қандай болатынын елестету де қиын. Сақтандыру компаниялары қызықты әзірлемелер мен жаңа серпінді шешімдер іздестіру кезеңінде екені сөзсіз. Әзірге қазақстандық пайдаланушылар сақтандыру компанияларының жаңа өзекті ұсыныстарын игеруде.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды