bs-preloader__icon
ru kz en

Заемшы мен оның отбасының қорғаны – өмірді сақтандыру шарты

Қазақстандықтарға берілетін тұтынушылық несиелердің көлемі ұлғайды, деп Ranking.kz зерттеуінде хабарланды. 2018 жылғы сәуір айының соңына қарай қазақстандық екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 13,4 триллион теңгені құрады. Осыған байланысты заемшылардың өмірді сақтандырудың маңыздылығы да артып келеді. Бұл қызмет түрі сақтандырылған тұлға қайтыс болған немесе мүгедектік алған жағдайда, тек оған ғана емес, оның бүкіл отбасына қаржылық қорғауды ұсынады.
Заемшы мен оның отбасының қорғаны – өмірді сақтандыру шарты

Қазақстандықтар жыл сайын көбіне-көп несиелерді алуда, бұл көбінесе Ranking. Kz мәліметтеріне сәйкес тұтынушылық несиелер. Жалпы 2018 жылғы сәуір айының соңында жеке тұлғалар заемдарының көлемі 4,7 триллион теңгеге жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда,  14%-ға артық болды. Олардың қарыз портфелінен үлесі 26,7%-дан 34,7 %-ға дейін өсті.  

Әдеттегідей, мұндай несиелерді табысы орташа немесе ортадан төмен болған отбасылар алады. Осыған сәйкес күтпеген жағдайда, Құдай сақтасын, заемшының өлімі немесе еңбек қабілеттілігінен айырылу сияқты жағдай туындағанда, қаржылық қарыздардың ауыртпалығы оның отбасына түсуі мүмкін. Немесе төлем жасалмаған жағдайда, өсімпұл ай сайын өсіп, отбасыны үлкен бір қаржылық шұңқырға батырады. Сондықтан банктерде заемды ресімдеу кезінде заемшылардың өмірін және еңбекке қабілеттілігін ерікті сақтандыру шартын жасасады.

Сақтандыру төлемінің мөлшері заемшының несиелік ұйымның алдында сақтандыру оқиғасы орын алған сәтіндегі нақты берешегінің (негізгі қарыздың) мөлшеріне тең болады. Сақтандырылған тұлғаның төлемеген үшін өсімпұл, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдарының сомасы заем шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшеріне жатпайды.

Заемшы қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі бір жолғы, ал жазатайым оқиға нәтижесінде 1 немесе 2 топтың мүгедектігін алған жағдайда – мүгедектіктің белгіленген мерзімі ішінде банкпен жасалған заем шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру компанияларының тәжірибесінде осыған ұқсас жағдайлар орын алған еді. Заемшылардың бірі Б.Болат несиені ресімдеген кезде 4 жылдық мерзімге өмірді сақтандыру шартын жасасқан, бұл ретте сақтандыру сомасы 2 000 000 теңгені құрады. Бірақ екі жылдан кейін ол қайтыс болды. Оның қайтыс болған күніне банктік заем шарты бойынша негізгі қарыз қалдығының сомасы 1,47 млн теңгені құрады. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтанушы қайтыс болған жағдайда,,  оның мұрагерлері пайда алушылары болып табылады. Сақтандыру сомасы банкке қарызды әрі қарай төлеу үшін олардың арасында бөлінген болатын.

Екінші жағдайда сақтандырылған заемшыға Ш.Анатолийге жалпы ауруына байланысты бір жылға 2 топтағы мүгедектік берілді. Оның сақтандыру сомасы 1,4 млн теңгені құраған еді, сақтандыру шартының мерзімі – 4 жыл. Шарттың мерзімінің аяқталуына жарты жылдай қалғанда ол осы мүгедектікті алды. Кесте бойынша төлемнің мөлшері 44 060 теңге құраған, бұл соманы сақтандырушы клиенттің орнына заем шартының мерзімі аяқталғанша банкке төлеп отырды.

Бұл өмірден алынған нақты мысалдар несиені ресімдеу кезінде өмірді сақтандырудың маңызды рөлін растайды. Сақтандыру полисі қиын жағдайда көмекке келеді. Банк үшін – бұл несиелік портфельді заемшының қайтыс болуы немесе еңбекке қабілеттілігін ен айырылуы салдарынан пайда болған шығындарды төмендету арқылы дефолттан сенімді қорғанысы.  Ал банк клиенттері үшін – несиені өтеудің және отбасы тыныштығының кепілдігі. Шартты ресімдеу кезінде бағдарлама сақтандыру құның автоматты түрде есептейді, ол сақтандыру сомасы мен сақтандыру мерзіміне байланысты болады. Сақтандыру соманың мөлшері беріліп отырған несиенің сомасына тең. Сақтандыру шартын ресімдегеннен және сақтандыру сыйлықақыны төлегеннен кейін сақтандыру қорғауы әрекет ете бастайды.  

Фотосурет parsnews.com, it.motor1.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру