bs-preloader__icon
ru kz
✕

Бүкіл әлемде орташа жалақының сатып алу қабілеті төмендеп жатыр

Халықаралық еңбек ұйымының «2022-2023 жылдарға арналған жаһандық жалақы туралы есеп» баяндамасына сәйкес, 2006–2019 жылдар аралығында әлемде нақты айлық жалақының орташа жылдық өсімі (инфляцияны ескере отырып, сатып алу қабілетінің өзгеруі) 2017 жылғы 1,4% бен 2007 жылғы 3,1% аралығында құбылып, 2%-ды құрады, деп жазады Ranking.kz.
Бүкіл әлемде орташа жалақының сатып алу қабілеті төмендеп жатыр

Бұл ретте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа әлемдік нақты жалақы 0,9% төмендеді, бұл 2021 жылы басталып, 2022 жылы жалғасқан инфляцияның өсуімен байланысты. Жалақы дәстүрлі түрде жоғары болатын Қытайды қоспағанда, қысқару 1,4%-ды құрады.

Әлемнің ең ірі 20 ұлттық экономикасы кіретін G20 елдеріндегі жалақының сатып алу қабілеті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әлемдік орташа көрсеткішпен бірдей 0,9% төмендеді. Бұл ретте ЕО елдерінде және Ұлыбританияда көрсеткіш 2,2%, Ұлыбританияны қоспағанда ЕО елдерінде 2,4% төмендеді.

Аймақтар бойынша 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты жалақының ең үлкен жылдық өсімі Орталық және Батыс Азияда байқалды: 2,5%. Одан кейінгі орында Азия-Тынық мұхиты аймағы: 1,3% (Қытайды есептемегенде, өсім небәрі 0,7%). Оң көрсеткіш араб мемлекеттерінде де байқалды: 1,2%.

Басқа аймақтарда жалақы нақты мәнде төмендеді, ең алдымен Шығыс Еуропада: 3,3% азайды. Одан кейін Солтүстік Америкада инфляция сатып алу қабілетінің төмендеуіне әсер етті, сондай-ақ пандемиядан кейін төмен жалақы алатын жұмысшылар нарыққа оралды, нәтижесінде нақты жалақы 3,2% төмендеді. Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропа елдерінде нақты жалақының төмендеуіне ең алдымен инфляцияның өсуі әсер етті, атап айтқанда жалақының сатып алу қабілеті 1,9% төмендеді. Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 1,7%, Африкада 0,5% төмендеді.

Дереккөзі: https://ranking.kz/reviews/world/inflyatsiya-zhryot-zarabotki-vo-vsyom-mire-pokupatelnaya-sposobnost-sredney-globalnoy-zarplaty-sokratilas-na-0-9-za-god.html

Сурет forbes.kz, inform.kz

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жедел сақтандыру қанша тұрады
Өмірді жедел сақтандыру қанша тұрады

Жедел сақтандыруда егер адам сақтандыру шарты...

Ресейліктер жинақ үшін қандай құралдарды артық көреді
Ресейліктер жинақ үшін қандай құралдарды артық көреді

Ресейліктердің басым бөлігі (59%) жеке жинақ ақш...

Ресейлік өмірді сақтандырушылар жаппай сегментке шығуда
Ресейлік өмірді сақтандырушылар жаппай сегментке шығуда

Өмірді сақтандыру нарығында өнімдерді қандай ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру