bs-preloader__icon
ru kz en

Жылдың керемет басы

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары 2023 жылғы қаңтарда жылдық көріністе 2022 жылдың қаңтарындағы 25,1% түсімге қарсы unit-linked сатуларын ескеріп, 33 млрд теңгеге дейін 149,4%-ға өсті. Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз ӨСК «Nomad Life» ӨСК болып қала береді. Бұл өнім бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі 2022 жылғы қаңтарда 2,6 млн теңгені құрады.
Жылдың керемет басы

01 қаңтарға «Nomad Life» ӨСК-нің активтерінің мөлшері 263,4 млрд теңгені, меншікті капитал 22,3 млрд теңгені, сақтандыру резервтері 203,8 млрд теңгені құрады. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі қаңтарда Unit-linked сатуларды ескеріп, 24,29% құрады, ол 8 млрд теңгеге сәйкес келеді.

Қаңтарда «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 2022 жылғы қаңтардағы 11,5% өсімге қарсы 54,3%-ға өсті. Абсолюттік мағыналарда ӨСК 2022 жылғы қаңтардағы 39,8% және 2021 жылғы қаңтардағы 28%-ға қарсы ӨСК жиынтық портфелінде 41,2% ала отырып, бірге 13,6 млрд теңге (өткен жылдың қаңтарында – 8,8 млрд теңге) жинады.

2023 жылғы қаңтарда өмірді сақтандыру сегментінде көшбасшы ауысты. Бірінші орынға 5,1 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен «Еуропалық сақтандыру компаниясы» (ЕСК) ӨСК шықты.

Сыйлықақылар портфелі ӨСК-ге бір жыл бұрынғы 18,4% үлеске қарсы сегментте үлесін 37,8%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші орынға 4,1 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен, сегменттің 30,8%-ын ала отырып, «Halyk life» ӨСК түсті. Үшінші орында – 2,8 млрд теңге портфельмен және сегментте 20,7% үлеспен «Nomad Life» ӨСК тұр. Сыныптағы үш ең ірі ӨСК-нің үлесі 89,3%-ға дейін өсті.

Аннуитеттік сақтандыру зейнетақы аннуитеттері есебінсіз 2023 жылғы қаңтарда 353,2 млн теңгеге дейін 45,8%-ға өсті. Осы сегментте сыйлықақыларды жинайтын жеті ӨСК-ден алтауы сыйлықақылардың оң динамикасын, біреуі – нөлдік динамиканы көрсетті. 2023 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша сегменттің көшбасшысы 188,8 млн теңге портфельмен және сегментте 53,4% үлеспен «KM Life» ӨСК болып табылады. 153,8 млн теңге мөлшерде аннуитеттік сақтандыруда көлемі бойынша екінші портфель - «Halyk life» ӨСК-де, ол сақтандырудың осы сегментінің 43,6%-ын алады. «Nomad Life» ӨСК 7,6 млн теңге портфельмен сегменттің 2,2%-ын алады. Сыныптағы екі ең ірі ӨСК-нің үлесі 97%-ды құрайды.

2023 жылғы қаңтарда зейнетақы аннуитеттері сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы қаңтардағы 61% түсімге қарсы 8,9 млрд теңгеге дейін 59,5%-ға өсті (барлығы – жылдан жылға). Сегментте жұмыс істейтін жеті ӨСК-ден тек «Standard Life» қана сыйлықақылардың түсімін көрсетті. ӨСК жиынтық сыйлықақыларында зейнетақы аннуитеттерінің үлесі 27,2% құрады. Сыныптағы ең ірі үш ӨСК-нің үлесі 73%-дан 80,9%-ға дейін өсті. 2023 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы 3 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен және сегментте 34,1% үлеспен «Nomad Life» ӨСК болып табылады. Екінші орында 2,9 млрд теңге портфельмен және сегментте 33,3% үлеспен «Halyk life» ӨСК тұр. Үшінші позицияны 1,5 млрд теңге портфельмен және сегментте 17,3% үлеспен «Freedom Life» ӨСК алады. Сыныптағы ең ірі үш ӨСК-нің үлесі 84,7%-ға жетеді.

ӨСК бөлігінде жиналатын, жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру бойынша сыйлықақылар 2023 жылғы қаңтарда жылдық көріністе өткен жылдың қаңтарындағы 29,1% түсімге қарсы 784%-ға өсті. ЖО бойынша сыйлықақылар жинайтын, барлық алты ӨСК сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті, сонымен қатар олардың ішінен екеуі – нарықтан жоғары динамиканы көрсетті. ЖО сегментінде ӨСК жиынтық портфелі 2022 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша 576 млн-ға қарсы 4,5 млрд теңгені құрады. ӨСК жиынтық сыйлықақыларында ЖО сегментінің үлесі 13,6%-ға дейін өсті. 2023 жылғы қаңтарда ЖО сегментінде көшбасшы ауысты, ол 2,2 млрд теңге портфельмен «KM Life» болды, бұл оған сегментте нарықтық үлесін өткен жылдың қаңтарындағы 2,4%-дан 49,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.  Екінші орынға сегментте 18,8% үлеске сәйкес келетін, 848,3 млн теңге портфельмен «Halyk life» ӨСК шықты (2022 жылғы қаңтардағы үлесі - 18,6%). Екіншіден үшінші орынға ЕСК ӨСК түсті. Ол сегментте 16,2% (2022 жылғы қаңтарда – сегменттің 34,8%) ала отырып, 732,5 млн теңге портфель жинады. 2022 жылдың көшбасшысы, 622,8 млн теңге портфельмен және 13,8% нарық үлесімен «Freedom Life» ӨСК ЖО сегментінде ең ірі ӨСК-нің үштігінен шығып қалды.

«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ҚЖОМС) секторында сыйлықақылар 2023 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша 5,2 млрд теңгеге жетіп, 16,2%-ға (жылдан жылға) қарсы 114,9% динамиканы көрсетті. ӨСК жиынтық жинақтарында сегментің сыйлықақылар үлесі 15,8% құрады. ЖОМС сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Абсолюттік көріністе ӨСК портфелі сегменттің (2022 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша - 26,3%) 39,6%-ын ала отырып, 2 млрд теңгеден асып түсті. Екінші орында 1,8 млрд теңге портфельмен «Halyk life» ӨСК тұр, ол сегменттің 35,5%-ын алады (2022 жылғы қаңтарда - 17,6%). Үшінші орынға 920,6 млн теңге портфельмен және сегментте 17,6% үлеспен (2022 жылғы қаңтарда - 14,1%) «Freedom Life» ӨСК шықты. ҚЖОМС бойынша ең ірі ӨСК үштігінен 742,4 млн теңге портфельмен және 14,2% нарық үлесімен, «KM Life» ӨСК шықты.

2023 жылғы қаңтарда ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар 24,5% өсімге (барлығы – жылдан жалға) қарсы 44%-ға өсті. Абсолюттік цифрлармен сыйлықақылар 345 млн теңгені құрады. Қаңтардың қорытындысы бойынша сегментте көшбасшы ауысты. Бірінші позицияға сегментте үлесін 69,7%-ға (2022 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша 4,6%) дейін ұлғайтып, 240,5 млн теңге портфельмен ЕСК ӨСК шықты. 2022 жылдың қорытындылары бойынша ӨСК бөлігінде ЕМС көшбасшысы - «KM Life» ӨСК екінші орынды алады. ӨСК сегментте сыйлықақылар портфелін 2022 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша 744,6 млн теңгеге қарсы 93,7 млн теңгеге дейін қысқартты. Тиісінше, оның сегментте үлесі өткен жылдың қаңтарындағы 94,9%-ға қарсы 27,2%-ға дейін қысқарды. Үшінші орында - «Евразия» ӨСК. Ол 5,2 млн теңге сыйлықақылар портфелін алды және ЕМС сегментінің 1,5%-ын алады. Өткен жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша «Евразия» ӨСК-де ЕМС бойынша портфель болған жоқ. ӨСК бөлігінде ЕМС сақтандыру бойынша ең ірі үш ӨСК-нің сыйлықақылары осы сегменттің 71,2%-ын құрайды.

2023 жылғы 1 қаңтарға ӨСК жиынтық активтері 17,9%-ға (жылдан жылға) өсті және 919,5 млрд теңгені құрады. Сақтандыру резервтері 660,7 млрд теңгеден асып, 23%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 73,6 млрд теңгені құрап, 21,8%-ға (жылдан жылға) өсті.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты
ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты

Шілдеде президент сақтандыру нарығын реттейт...

Қаржылық жоспарлау және сақтандыру
Қаржылық жоспарлау және сақтандыру

Өзінің материалдық әл-ауқатын жасай отырып, ак...

Қазақстанның сақтандыру нарығында қандай өзгерістер орын алуы мүмкін
Қазақстанның сақтандыру нарығында қандай өзгерістер орын алуы мүмкін

Сақтандырушылар саланы дамытудың жаңа жол кар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру