bs-preloader__icon
ru kz

Ең ірі сақтандыру компанияларының бестігі сектордың барлық активтерінің 68% жинап алған

2019 жылғы қаңтар айының аяғында сақтандыру ұйымдарының активтері бір жылдың ішінде 15,6%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгені құрайды. Бір жыл бұрын активтердің сомасы бір жылда 6,9%-ға артып, 933,9 млрд теңге құрады. Соңғы жылдарда ұқсас кезеңде максималды өсім 2016 жылда байқалды – жылдан жылға 37,4%-ға артылды, деп finprom.kz хабарлайды.
Ең ірі сақтандыру компанияларының бестігі сектордың барлық активтерінің 68% жинап алған
Ең ірі сақтандыру компанияларының бестігі сектордың барлық активтерінің 68% жинап алған
Ең ірі сақтандыру компанияларының бестігі сектордың барлық активтерінің 68% жинап алған

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап «Kompetenz» СК» АҚ-ның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы жойылды.

Ұлттық Банк тұрақты негізде сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, жосықсыз қатысушыларға – сақтандыру компанияларына, сақтандыру брокерлеріне қадағалау шараларды қолдану бойынша жүйелі шараларды қолдануда.  Соңғы 3 жыл ішінде 4 сақтандыру компаниясы қайта ұйымдастырылып, лицензияларын өз еркіммен тапсырды. Қабылданған шаралар қадағалау үдерісінің бір бөлігі болып табылады және сақтандыруға сенімнің артуына және активтерді сақтандыру нарығынан активтердің шығарылуына жол бермеуге бағытталады.

ҚР сақтандыру нарығында ең ірі қатысушы – «Еуразия» сақтандыру компаниясы, оның активтерінің сомасы 272,5 млрд теңгеге жетті, ал жылдық өсу 16%-ды құрады.

Активтердің мөлшері бойынша екінші орынға «Халык-Life» Халық Банкінің еншілес ұйымы ие болды: 141,8 млрд тг, бір жылдың ішінде сома 2 еседен жоғары артылды.

Көшбасшының үштігінің соңында ребредингті жасаған және өз атауын «Халық – Қазахинстрах» атауынан «Халық» сақтандыру компаниясы» атауына өзгерткен компания тұр: 134,1 млрд теңге – бір жыл бұрын ұқсас кезеңіне қарағанда 3 есе артық.

Ірі сақтандыру компанияларының бестігіне сондай-ақ «Виктория» (94,1 млрд тг) және «НОМАД Life» (93,9 млрд тг) енді. ТОП-5 сақтандыру компаниялары жиынтықта бүкіл нарық активтерінің 68,2%-ды жинап алды.

2019 жылғы қаңтар айының аяғында активтердің табыстылығы (ROA)* нарық бойынша 0,6% құрады. Ең жоғары көрсеткіш «НОМАД Иншуранс» компаниясында (1,3%), сонымен қатар «Евразия» сақтандыру компаниясында (1,1%) байқалады.

Активтерді пайдаланудың тиімділігі бойынша үшінші орынға экспортерлардың басты сақтандырушысы KazakhExport шықты: 1,1%.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында ең тез өсіп келе жатқан сақтандыру компаниясы активтерін бір жылда 2,9 есеге – 45,9 млрд теңгеден 134,1 млрд теңгеге дейін өсірген «Халық» сақтандыру компаниясы болды.

Екінші орында «Халык-Life», оның активтерінің жылдық өсімі – 2 еседен артық, 141,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Өсім бойынша көшбасшылардың үштігінің соңында «Cентрас Иншуранс», СК-ның активтері бір жылдың ішінде 47,5%-ға өсті және 16,7 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар сақтандыру компаниясына ТОП-5-ке активтердің жылдық өсімі бойынша Sinoasia B&R кірді, оның өсімі 42,6% құрады, және «НОМАД LIFE» — 39,9%.

Бес тез өсетін компаниялардың жиынтық активтері 389,4 млрд тг құрады, бұл жалпы сақтандыру нарығының активтерінен 36,1%-ды құрайды.

* Ұйымның барлық активтерін пайдалану тиімділігінің дәрежесі активтер құнының бірлігіне пайданы көрсетеді.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/minus-po-kolichestvu-plyus-po-masshtabam-chislo-igrokov-strahovogo-sektora-sokratilos-na-odnu-kompaniyu-odnako-sovokupnyj-obyom-aktivov-vyros-srazu-na-16-za-god

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде өмірді сақтандыруды реттеу өзгеруде
Ресейде өмірді сақтандыруды реттеу өзгеруде

Ресей Банкі өмірді ерікті сақтандыру стандарт...

Жеке салымдар портфелі бір айда 280 миллиард теңгеге қысқарды
Жеке салымдар портфелі бір айда 280 миллиард теңгеге қысқарды

Сәуірде жеке депозиттер портфелі 280,5 млрд теңг...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру