bs-preloader__icon
ru kz

"Халык-Life" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығының рейтингі B+ (Good) деңгейінде және ұзақ мерзімді несиелік рейтингі "bbb-" деңгейінде расталды.

2019 жылғы наурыз айында AM Best "Халык-Life" АҚ сақтандыру компаниясына қаржылық тұрақтылық рейтингісін B+ (Good) және эмитенттің ұзақ мерзімді несиелік рейтингі “bbb-” деңгейінде растады. Осы несиелік рейтинг (рейтингтер) бойынша болжам тұрақты болып табылады, деп "Халык-Life" АҚ баспасөз-қызметі хабарлайды.
"Халык-Life" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығының рейтингі B+ (Good) деңгейінде және ұзақ мерзімді несиелік рейтингі "bbb-" деңгейінде расталды.

Агенттіктің аналитиктерінің пікірінше, «тұрақты» болжамымен рейтингті растау «Халык-Life» АҚ 2018 жылғы қараша айында «Казкоммерц-Life» АҚ-мен бірігу түрінде қайта ұйымдастырылуын аяқталуына байланысты. Сонымен қатар бұл рейтингтер AM Best мықты деп жіктеген «Халык-Life» АҚ-ның теңгерімін, адекватты операциялық көрсеткіштерді, бизнестің шектеулі бейінін және компанияның тәуекелдерін маргиналды басқаруын көрсетеді, деп баспасөз-қызметінің хабарламасында айтылады.

«Халык-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығы тәуекелге түзетумен күшті капитализациямен нығайтылады, бұл капиталдың жеткіліктілігі коэффициентімен өлшенеді», – деп компания хабарлайды. AM Best компанияның капитализациясы капиталдың тұрақты ішкі генерациясымен қолдалатын ең жоғары деңгейде қалады деп күтуде.

«Халык-Life» АҚ біріккеннен кейін 44%-ға тең бағалау үлесімен 2018 жылда жинақталған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы мөлшеріне сүйене отырып, өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығында көшбасшы болып табылады. AM Best «Казкоммерц-Life» АҚ-мен бірігуі өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығында бәсекелестіктің өсіп келе жатқан деңгейімен байланысты тәуекелдерге қарамастан зейнетақы аннуитеттері және өмірді жинақтаушы сақтандыру сияқты сегменттерде «Халык-Life» АҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайтады деп күтуде. «Халык-Life» АҚ қызметі халықаралық стандарттар бойынша аса үлкен емес болып саналатын қазақстандық сақтандыру нарықпен шектелген және бұрынғыдай жоғары реттеуші тәуекелге ұшырауы мүмкін.

«Халык-Life» АҚ-ның операциялық көрсеткіштері жақсы деңгейді көрсетеді, – компанияның баспасөз-қызметі хабарлайды, – бұған капиталдың 23%-ға тең бағалаушылық бес жылдық (2014-2018 жж.) орташа есеппен алған табыстылығы дәлел бола алады. Жалпы «Халык-Life» АҚ-да пайдасы компанияның инвестициялық портфелі салыстырмалы түрде кертартпа болып табылатынына қарамастан, бизнестің елеулі өсуімен және оң инвестициялық көрсеткіштерімен шарттасқан.

Анықтама

«Халык-Life» Қазақстан Халық банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық банкі» АҚ болып табылады. сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензия 2006 жылда берілді, Компанияның бас кеңсесі нақты орналасу орнының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 ж. №2.2.41 лицензия жаңартылды.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балалардың денсаулығын қандай тағамдар бұзады
Балалардың денсаулығын қандай тағамдар бұзады

Британдық дәрігер және дұрыс тамақтану жөнінд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру