bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетте жоғары табысқа қалай жинауға болады

Қазақстандықтар жиі азғантай зейнетақыға шағымданады. Еліміздің жасы үлкен тұрғындарының неліктен шетелде ұзақ демалуға мүмкіндіктері жоқ және лайықты зейнетке қалай жинауға болады, осы жерде айтамыз.
Зейнетте жоғары табысқа қалай жинауға болады

Еуропада жоғары төлемдер үшін факторлар көп. Негізгі екеуі – зейнетақы қажеттіліктеріне қалдырылатын табыстан үлкен пайызбен бірге жалақы деңгейі. «Дамыған елдердің тұрғындары қарттық шаққа үш-төрт онжылдық жинайтынын ұмытпау керек. Бұл мемлекеттерде тұрақты валюта мен тұрақты қаржылық орта, ұзақ мерзімді жинақтары бар адамдар үшін салықтық преференциялар бар», - дейді «Nomad Life» ӨСК АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Басқа елдерде негізінен табыскер орта санаттың немесе егде жасқа қаржылық қауіпсіздікке өмір бойы жинаған орташадан жоғары табысы бар зейнеткерлер саяхаттайды. «Еуропада зейнетақы жүйесі көпдеңгейлі, оның ішінде ерікті жинақтар жүйесі жақсы дамыған – бұл өмірді сақтандыру институттары арқылы жүзеге асырылатын зейнетақы жоспарлар. Айтпақшы, еуропа елдерінде қосымша өндірістік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерінің мемлекеттікке қарағанда неғұрлым ұзағырақ тарихы бар. Бұдан бөлек, бұл елдерде сақтандыру мәдениеті өте қатты дамыған, еңбек қызметі басталысымен адам бірден зейнетақыға қаражат жинай бастайды, ол алынатын табыстан 5-тен 30%-ға дейін құбылады», - деп нақтылайды «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

Қазақстанда 1998 жылға дейін зейнетақы бюджеттен төленген кездегі ортақ зейнетақы жүйесі қолданылған, 1998 жылдан бастап ол жинақтаушы жүйеге өзгертілді. Мұнымен бүгінгі күні неліктен зейнеткерлердің көбісі өздерін жақсы сезінуі үшін соншалықты соманы жинап үлгермегенін түсіндіруге болады. Алайда, бізде де шетелдік саяхаттар қызық және қолжетімді 60+ зейнеткерлер бар. Бірақ жастары үлкендеу 70-80+ топтарға шетел – менталды алыс, қаржылай қолжетімсіз және денсаулық жағдайы бойынша ауыр. Сондықтан мұндай жағдайда саяхаттар туралы айтылмайды. «Бізде ұзақ мерзімді инвестициялау мақсатымен және тиісінше зейнетте саяхаттарға және т.б. жұмсауға мүмкіндік беретін, өзіне пассивті табысты дайындау мақсатымен табыстың бөлігін жинау мүмкіндігі бар орта санаттың жоғары тобы бар. Бұл ретте, әңгіме олигархтар туралы емес, ал орташа жалақыдан жоғары табысы бар жоғары білікті мамандар, сондай-ақ шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері туралы», - деп түсіндіреді «Халық-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Халықаралық нормалар бойынша зейнетақы кем дегенде 40%-ға жалақыны өтеуі тиіс. «ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіштің орташа мағынасы 56%-ды, ал озық зейнетақы жүйелері бар елдерде 70%-дан төмен болмайтын деңгейді құрайды. Егер біздің елімізде орташа табыс әлі де жеткіліксіз екенін ескеретін болсақ, 40%-ға коэффициент жеткіліксіз», - дейді «Халық-Life» ӨСК басшысы.

Қазақстандық зейнеткерлердің табыс көздері

Қазір Қазақстан Республикасында көп деңгейлі зейнетақы жүйесі әрекет етеді:

- Елдің барлық азаматтарына төленетін базалық зейнетақы;

- Ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дан төлемдер;

- Ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдер.

«Негізінде олар бірнешеу – зейнетақы шоттары, оның ішінде зейнетақы аннуитеттер, ӨСК-де жинақтаушы бағдарламалар, мүлік және көбінесе акциялар мен облигацияларға инвестицияланған жеке жинақтар. Батыста олардың пропорциялары талданады және жеке іріктеледі, мысалы, егер адамның денсаулығы жақсы болса, онда оған зейнетақы аннуитетіне үлкен үлес жасайды, ал науқас адамға көбірек өтімділіктің болуы үшін қысқа мерзімді өнімдерге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, немесе елеулі активтердің болуы адамға неғұрлым тәуекелді, бірақ облигацияларға қарағанда көбірек табыс беретін акцияларға үлкен бөлігін инвестициялауға мүмкіндік береді. Пропорцияларды талдауда ең бастысы өз активтерінен «ұзақ өмір сүру» тәуекелі болып табылады, яғни зейнетақыға қаражаттың жетпей қалуы және әдетте мұндай талдау зейнетке шыққанға дейін көп уақыт бұрын басталады», - деп нақтылайды Nomad Life басшысы.

Гүлжан Жақсымбетова зейнетте пассивті табыстың бірнеше көздері болғаны жақсы дейді. Бұл банктік депозит, жылжымайтын мүлікті жалға беру және өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) болуы мүмкін. «ӨЖС-нің мақсаты – адамға қаржылық тәртіпті әдеттендіру және зейнетке шыққанға дейін көп уақыт бұрын жинауды үйрету. Сарапшылар бірінші жалақыдан жинауға кеңес береді, мысалы өз табысыңыздан 10% қалдыру. Осылайша, өмірді жинақтаушы сақтандырудың арқасында адам белгілі бір жасқа (мысалы, зейнет жасына) немесе мерзімге (10-30 жылдан кейін) ақшаны алады. Жұмыс істейтін зейнеткер үшін қосымша табыстың тағы бір жолы – өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасып алуға болатын, аннуитеттік төлемдер», - деп түсіндіреді «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның басшысы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары өз зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде және белгілі бір жасқа жеткен кезде өз жинақтарын өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК) аударуға және тиісті мерзімнен бұрын зейнетақыны алуды бастауға құқылы. Сонымен қатар, егер зейнетақыны мерзімнен бұрын алу үшін міндетті жарналар бойынша сома жеткіліксіз болса, әр адамның ерікті тәртіпте өз шотын тұрақты түрде толықтыру мүмкіндігі бар. «Зейнетақы аннуитеті (мерзімнен бұрын зейнетақы) – бұл өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы түрінде өмір бойылық төлемдер. Олар бүткіл өмір бойы кепілдендірілген. Тіпті жинақтаушы салым таусылғаннан кейін де, зейнеткер зейнетақыны 90 жаста да, 100 жаста да алатын болады. 2022 жылы 55 жастағы еркектерге зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткіліктілік сомасы 7,1 млн теңгені, ал 52,5 жастағы әйелдер үшін – 9,5 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, 45 жаста кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін алуға болады. Оны сатып алу үшін ер адамда кем дегенде 6,5 млн теңге, әйел адамда – 8,1 млн теңге болуы қажет. Бұл ретте төлемдер 55 жастан бастап жүргізілетін болады», - деп түсіндіреді сұхбаттасушы.

ӨСК-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса отырып, адам БЖЗҚ-дан алынған табысты тіркейді, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде және төлемдер басталғаннан кейін мұндай төлемдер жыл сайын 5%-ға индекстелетін болады. «Сақтандырушының инвестициялық қызметінің, атап айтқанда зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша, БЖЗҚ-мен салыстырғанда инфляция, ЖІӨ, қор нарығының мүмкіншіліктері секілді макроэкономикалық көрсеткіштердің белгісіздік жағдайында он жыл алдыға клиентке сақтандыру төлемдерінің өмір бойылығын қамтамасыз ету мақсаты бар. Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдер сақтанушының бүткіл өмірі бойы ай сайынғы негізде жүзеге асырылады, бұл ретте олар жыл сайын кем дегенде 5%-ға индекстеледі»,- деп еске салады «Халық-Life» ӨСК басшысы.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, адам меншікті қаржы тәуекелдері мен кірістерін әртараптандырады, себебі егде жаста төлемнің үш көзін алады: базалық зейнетақы, аннуитеттік төлемдер және БЖЗҚ-дан төлемдер.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Дағдарыс бөгет емес
Дағдарыс бөгет емес

2020 жылдың алғашқы бес айында ӨСК түсім бойынша...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру