bs-preloader__icon
ru kz
✕

Өмірді сақтандыру компаниялары қандай кезде төлемдерден бас тартады

Сақтандыру компаниясы клиентке бас тартатын кездер болады. Бас тартудың себебі неде болуы мүмкін? Біріншіден, жеке сақтандыру шарттары бойынша төлемнен бас тарту клиенттер өз сырқаттарын немесе спортпен шұғылданатынын жасыратындықтан болады, деп жазады Forbes.
Өмірді сақтандыру компаниялары қандай кезде төлемдерден бас тартады

Егер сақтандыру жағдайы шарт күшіне енгенге дейін, сақтандыру мерзімі басталғанға дейін немесе шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда орын алса, сақтандырушы сондай-ақ сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.

Бұдан басқа, өмірді сақтандыру компаниялары адам өзіне-өзі қол жұмсаған кезде төлемнен бас тартады. Алайда осы жағдай бойынша бас тарту пайда алушының сақтандыру төлемін алу мақсатымен қасақана өзіне-өзі қол жұмсауды жасаған кезде мүмкін.

Сақтандырылушының алкогольді, уландырғыш заттарды, сондай-ақ есірткілік, қатты әсер ететін және психотроптық заттарды, дәрігердің кеңесінсіз немесе дәрігердің кеңесі бойынша, бірақ көрсетілген мөлшерді бұзумен медициналық препараттарды тұтыну, дәрігердің кеңесінсіз медициналық процедуралар мен әрекеттерді жасау – бұл да сақтандыру өтеуіне (сақтандыру сомасына) бас тартуға негіз болып табылады.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/reasons-for-claim-denial/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үндістанда кейбір ӨСК клиенттері үшін жаңа салық ережелері енгізілді
Үндістанда кейбір ӨСК клиенттері үшін жаңа салық ережелері енгізілді

Үндістанның тікелей салықтар жөніндегі ортал...

Неліктен күзде үнемі ұйықтағыңыз келеді
Неліктен күзде үнемі ұйықтағыңыз келеді

Күздің бұлтты ауа - райында бізді ұзақ ұйықтау...

«СберСтрахование жизни» ғарышкерлерді сақтандырды
«СберСтрахование жизни» ғарышкерлерді сақтандырды

"СберСтрахование жизни" 2024 жылғы 23 наурызда өт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру