bs-preloader__icon
ru kz

KPMG-ның көмегімен Forbes Kazakhstan-нан Қазақстанда және Орталық Азияда өмірді сақтандыру компанияларының рейтингісі

2018 жылда ҚР өмірді сақтандыру секторы алты компаниямен көрсетілген. Өмірді сақтандыру компанияларының қорытынды рейтингісі жалпы синтетикалық баллмен «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ (2017 жылда – 1-ші орын, 18 балл) басқарғаны хабарланады. Екінші орында – «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ – 21 балл (2-ші орын, 22 балл). Үшінші орында – «Еуропалық сақтандыру компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ – 31 балл (3-ші орын, 32 балл), деп жазады forbes.kz.
KPMG-ның көмегімен Forbes Kazakhstan-нан Қазақстанда және Орталық Азияда өмірді сақтандыру компанияларының рейтингісі

Басылым хабарлағандай, жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне қатысты Қазақстанда өмірді сақтандыру саласындағы сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2018 жылы артып, 23,2% құрады. Аннуитеттік сақтандыруды қоса алғанда, өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақы сомасы 89,2 млрд теңгені құрап, 34,76% - ға өсті. Өмірді сақтандыру сыйлықақыларының түсімі бір жылдың ішінде 54,7 млрд теңгені құрады (2017 жылда 32,6 млрд теңге).

Сондай-ақ, өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві 65%-ға артты – 2017 жылдағы 13,9 млрд. теңгеден 2018 жылдағы 23 млрд. теңгеге дейін.

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі бойынша «Халық-Life» Өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкі ЕК» АҚ көш бастады, ол алымды 55%-ға – 16 млрд теңгеден 24,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.

Бұл ретте аннуитеттік сақтандыру саласындағы сыйлықақы көлемі бойынша көшбасшы болып «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ болды, оның өсімі 53%-ды – 15 млрд теңгеден 27 млрд теңгеге дейін көрсетті.

Өмірді сақтандыру саласында сарапшылар сақтандыру төлемдерінің 25%-ға – 2 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін төмендегенін атап өтті. Алайда, бұл ретте үш компания – «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ және «Standard Life» ӨСК» АҚ төлемдер көлемінің өсіуін көрсетуде.

Forbes Kazakhstan осы рейтингі сақтандыру компанияларының қаржылық жағдайының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін білдіретін тоғыз көрсеткішке негізделген, атап айтқанда:

• Тиімділік көрсеткіштері: ROE (1) және зияндылықтың аралас коэффициенті (2);

• Активтер (3), өзіндік капитал (4), таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары (5), таза сақтандыру төлемдері (6) және таза табыс (7) сияқты абсолюттік көрсеткіштер;

• Өсімнің көрсеткіштері: былтырғы жылға қатысты таза еңбекпен сақтандыру сыйлықақыларының өсімі (8);

• сақтандыру қорларының өтемінің коэффициенті (9).

Негізгі қарастырылатын кезең –  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін.

Тоғыз көрсеткіштің әрқайсысы бойынша 1-ден 25-ке дейін жеке ренкинг есептелді. Бұдан әрі тоғыз ренкинг көрсеткіштерінің сомасы ретінде әрбір компания үшін синтетикалық балл есептелді. Қорытынды рейтинг осы баллдың өсуі бойынша құрылды. Барлық деректер компаниялардың қаржылық есептілігінен немесе ҚР ҰБ статистикасынан алынды.

Басылымның өзі атап өткендей, бұл рейтинг тек журналистік және сараптамалық бағалау зерттеулері болып табылады және ресми ақпарат немесе құжат ретінде пайдаланылмайды.

Сонымен, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG қолдауымен Forbes Kazakhstan Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларының рейтингі:

1. «Nomad Life» ӨСК» АҚ

A.M. Best: B-/ Тұрақты (20.12.2018)
Басқарма төрағасы: Кайрат Чегебаев
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру, зейнетақы аннуитеті.

Компания 2018 жылдың ішінде 7,4 млрд теңгені еңбекпен тауып (2017 жылғы қорытындыларынан 40%-ға артық) екінші жыл таза пайда бойынша бірінші орынға ие болып отыр. Төлем мөлшері бойынша көшбасшы – 5,1 млрд теңге, ӨСК жиынтық төлемдерінде 33,9% үлесімен.

Түпкі бенефициар – Алмас Мыңбаев (Forbes Kazakhstan ең бай бизнесмендерінің рейтингісінде №47).

2. «Халық-Life» Өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкі ЕК» АҚ

A.M. Best: B+/Тұрақты (01.03.2019)
Басқарма төрайымы: Оксана Радченко
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру, ЖОМС (қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру)

2018 жылғы қараша айында компания «Казкоммерц-Life» АҚ-мен қосылуы нысанында қайта ұйымдастыруды аяқтады. Бұл мәміле «Халык-Life» АҚ-ға ӨСК арасында активтер бойынша (145,2 млрд теңге), қорлар бойынша (112 млрд теңге)  және өзіндік капитал бойынша (22,5 млрд теңге) ең ірі компанияға айналуға мүмкіндік берді. Таза пайда көлемі бойынша (4 млрд теңге) компания төртінші орыннан екінші орынға көтерілді.

3. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ

Басқарма төрағасы: Дмитрий Надиров
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру

2018 жылғы қорытындылары бойынша компания сыйлықақылардың 15,65 млрд теңгесін жинады, бұл 2017 жылға қарағанда 12%-ға артық. Монопортфельге ие жалғыз компания: оның сыйлықақыларында өмірді сақтандыру 87%-ға ие болып отыр. Екінші ірі үлесі 1,3 млрд теңгені құрайтын ЖО (жазатайым оқиғалардан сақтандыру) бойынша сыйлықақыларға шақ келеді.

Жалғыз акционер – Чех Республикасының азаматы Рихард Бенишек.

4. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК «АҚ

Басқарма төрағасы: Ғалым Амерходжаев
Портфельдің үлкен үлесі: ЖО, зейнетақы аннуитеті

Компания жұмыс берушінің аннуитеттері сегментінде үшінші орында. 2018 жылы ол активтердің 5,5%-ға, міндеттемелердің 6%-ға өсуін көрсетті. Жалғыз акционер – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұлғасында ҚР Үкіметінің шешімімен таза пайданың 346,1 млн. теңгесі республикалық бюджет кірісіне аударылды. 2018 жылдың желтоқсанында МАК жекешелендірілетін нысандар тізімінен шығарылды.

5. «Standard Life» ӨСК» АҚ

Fitch Ratings: В/ Тұрақты (07.12.2018)
Басқарма төрағасы: Ержан Конурбаев
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру

2018 жылы өмірді сақтандыру бойынша компания алымы 5,3 млрд теңгені құрап, өсті. Ірі қатысушысы ауысты. Дәурен Кумпеисов акционерлердің құрамынан шығып кетті, ал Мақсат Альжанов акциялардың 20,19% жинақтады. 2018 жылғы қорытындылары бойынша компанияның пайдасы 21,5%-ға, 572 млн теңгеге түсті. Дегенмен таза пайданың 70% дивидендтерге бағытталды.

6. «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұрынғы «Азия Life» ӨСК» АҚ)

Fitch Ratings: В-/ Тұрақты (28 .02.2019)
Басқарма төрағасы: Азамат Ердесов
Портфельдің үлкен үлесі: ЖОМС, өмірді сақтандыру

2018 жылғы қыркүйек айында компания акционерлердің ауысуына байланысты өзінің «Азия Life» ӨСК» АҚ атауын өзгертті. Ірі қатысушысы Тимур Турлов болды. ӨСК портфельі де өзгерді. Зейнетақы аннуитеті және ЖОМС орнына 2018 жылғы қорытындылары бойынша компанияда үш ірі портфель болды: ЖОМС – 45%, өмірді сақтандыру – 30% және ЖО – 24%. 

Дереккөзі: https://forbes.kz/leader/reyting_strahovyih_kompaniy_2019_1565778573/

2018 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған ҚР ӨСК рейтингісіне сілтеме:

https://forbes.kz/ranking/strahovyie_kompanii_po_strahovaniyu_jizni_-_2018

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұзақ өмір сүруге қауіп төндіретін, ұйқымен байланысты жеті әдет
Ұзақ өмір сүруге қауіп төндіретін, ұйқымен байланысты жеті әдет

Annals of Behavioral Medicine журналында жарияланған ғылым...

Инвестициялық табыстың түсімі MetLife кірісінің қысқару себебі болды
Инвестициялық табыстың түсімі MetLife кірісінің қысқару себебі болды

Үшінші тоқсанда АҚШ-тағы MetLife - ең ірі өмірді са...

Гендер өмір жолын таңдауға қалай әсер етеді
Гендер өмір жолын таңдауға қалай әсер етеді

Гендердің сыртқы түрі мен ауруға бейімділігі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру