bs-preloader__icon
ru kz

Зейнетақы жинақтары туралы кең таралған қауіптенулерді қалай еңсереміз

Індет кезінде 65 жастан үлкен адамдарға қатаң шектеу режимін сынап жатқандар аз. Халықтың бұл әлсіз тобын қорқынышты вирустан сақтау қажет екенімен дауласу қиын, деп жазады BusinessTech. Болашақ зейнеткерлердің тағы қандай қорқыныштары бар?
Зейнетақы жинақтары туралы кең таралған қауіптенулерді қалай еңсереміз

Адамдардың көп бөлігі лайықты зейнетке тым аз жинадым деп санайды. Бірақ, сарапшылар аз жинақтар – ештеңе жоққа қарағанда жақсы екенін айтады. Аздан бастаңыз және уақыт өте келе өз салымыңызды ұлғайтыңыз. Бір жолғы төлемдерге мүмкіндік беретін икемді зейнетақылық аннуитеттер бар.

Егер сіз тұрақты түрде жинасаңыз және ұзақ мерзім ішінде ойынға сіздің ақшаңызды көбейтетін күш кіріседі: күрделі пайыздарды есептеу.

Жинауға тым кеш

Зейнетақы жинақтарымен байланысты неғұрлым кең таралған мәселелердің бірі адамдар тым кеш жинауды бастайтындығында. Алайда, бұл үшін өзіңізді ұрысудың қажеті жоқ. Зейнетке жинауды бастау үшін ең жақсы уақыт – жастық шақ, ал екінші жақсы уақыт – дәл қазір.

Мен көп қателік жасап қойдым

Адамдар жиі зейнетақы жоспарын қымбат заттарды алуға жұмсайды, кейін өкінеді. Қателіктер үшін өзіңізді ұрыспаңыз. Өткен кетті. Жылдам нені қадағалай алатыныңызға ден қойыңыз.

Өзіңізбен сөйлесіңіз және қателіктерді қайталамауға өзіңізге міндеттеме алыңыз. Егер Сіз қайта жұмыс ауыстырсаңыз, өз жинақтарыңызды қолма-қол ақша етіп шешіп алмаңыз, одан да оларды салықсыз сіздің жаңа жұмыс берушіңіздің қорына аударыңыз.

Дереккөзі: https://businesstech.co.za/news/business/452556/5-common-worries-about-retirement-and-what-to-do-about-them/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Американдықтар үй жануарлары үшін  алаңдайды – сауалнама
Американдықтар үй жануарлары үшін алаңдайды – сауалнама

АҚШ азаматтары үй жануарларының болашағына ал...

Сақтандыру: 2022 жылдың жаңа инвестициялық тренді
Сақтандыру: 2022 жылдың жаңа инвестициялық тренді

Әлемде көптеген елдерде үкіметтердің қолдауы...

Алаяқтар телефон нөмірлерін қалай ауыстыра алады
Алаяқтар телефон нөмірлерін қалай ауыстыра алады

ІІМ деректері бойынша, 2022 жылдың қараша айынан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру