bs-preloader__icon
ru kz en

Активтердің, резервтердің және пайданың өсуі

ӨСК 2019 жылдың оң қорытындысын күтуде
Активтердің, резервтердің және пайданың өсуі

2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша ӨСК әсерлі нәтижелер көрсетті. Тоғыз айдың қорытындылары жылдың қорытындыларын қалыптастыратының ескерсек, биылғы жылды лайф компаниялары плюспен аяқтайды деп есептеуге болады.

2019 жылдың қыркүйегінде ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақысы 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 1,5 есе, 139,1 млрд теңгеге дейін өсті. Бұрынғысынша, өмірді сақтандыру секторындағы өсу драйвері аннуитеттік сақтандыру болып қала береді.  Жылдық мәнде осы сақтандыру сыныбы бойынша сыйақы 133,6%-ға, 50,6 млрд теңгеге дейін өсті.  2019 жылдың қазан айының басында аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақы үлесі ӨСК жинаған жалпы сыйлықақы көлемінде жоғары (36,7%) болып қалады.

Аннуитеттік сақтандыруда жұмыс істейтін барлық ӨСК түсімнің оң нәтижесін көрсетті. Бұл сыныптың көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК қалуда, оның портфелі 24,6 млрд теңгені немесе аннуитеттік сақтандыру бойынша жалпы сыйлықақы көлемінің 48,8% - ын құрайды. Бұдан кейін портфелі 18,5 млрд теңгені немесе аннуитеттік сақтандыру бойынша жалпы сыйлықақы көлемінің 36,6%-ын құрайтын «Halyk life» ӨСК келе жатыр. Үшінші орында «Standard Life» ӨСК, оның портфелі 4,7 млрд теңгені немесе аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың жалпы көлемінің 9,4% құрайды.

Аннуитеттік сақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақылардың 90,8%-ы аннуитеттік сақтандыруды жоғары жылжытатын зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақыларды алатынын атап кеткен жөн. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақы 2019 жылғы қазан айының басында 46 млрд теңгені құрап, 174,2%-ға өсті.

Қыркүйек айында зейнетақы аннуитеттері сыныбында сыйлықақылардың динамикасы бойынша көшбасшы атанған жаңа ойыншы пайда болғаның айта кету жөн. «Freedom Finance Life» ӨСК (14,8 млрд теңгеге тең активтердің көлемі бойынша ӨСК жиынтық активтерінде 3,7%-ды алатын алтыншы сақтандырушы) алымды 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 4367,5%-ға, 714,8 млн теңгеге дейін арттырды.  Енді ӨСК арасында зейнетақы аннуитеттері нарығының 1,6%-ын алады.  216,5%-ға тең (жылдан жылға) сыйлық динамикасы бойынша екінші орынды «Nomad Life» ӨСК иеленіп отыр. Компанияның портфелі 22,7 млрд теңгені құрайды және зейнетақы аннуитеттері сыныбында ең жоғары болып табылады. «Nomad Life» ӨСК – портфель көлемі бойынша және 49,5%-ды құрайтын нарықтық үлес бойынша сегменттің көшбасшысы болып табылады. Үшінші орынға «Standard Life» ӨСК ие болып отыр. Компания айналымдарын азайтып, зейнетақы аннуитеттерінің жиынтық нарығын құрайтын 4,5 млрд теңгені жинап, 198,5% сыйлықақылардың динамикасын көрсетті.

2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша «Жұмыс берушінің жауапкершілік аннуитеттері» сыныбы 3,2%-ға, 2018 жылдың қыркүйегіне қарай 3,6 млрд теңгеге дейін өсті.  ЖЖА бойынша сыйлықақы жинайтын бес ӨСК-тің үшеуі теріс динамиканы көрсетті. 1,5 млрд теңге сыйлықақы көлемімен бұл сегменттің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып табылады.  Бұл сақтандырудың осы сыныбы бойынша жалпы сыйақы көлемінің 40,9%-ы. «Halyk life» ӨСК – осы сегменттегі екінші ірі ойыншы және 1,4 млрд теңге сыйлықақы көлемі бар нарықтың 38%-ын алады. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" (МАК) ЖЖА бойынша ірі сақтандырушылардың үштігіне кіреді. Қыркүйекте ол 421 млн теңге жинап, нарықтың 11,4%-ын алады.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ЖЖА көшбасшылары сыйлықақыларды тарту бойынша түрлі динамиканы көрсетті.   2019 жылғы қыркүйек айының қорытындылары бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы сыйлықақылардың төмендеуін көрсетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алымдар 29,2%-ға, 927,8 млн теңгеге дейін төмендеді.  Құлдырау ӨСК жиынтық сыйақыларындағы өзге аннуитеттердің үлесін едәуір төмендетті, қазан айының басында олар 0,006 % құрайды.

2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша "Өмірді сақтандыру" сыныбы 50,6%-ға (жылдан жылға) 53 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, өмірді сақтандыру сыйлықақылары ақшалай түрде аннуитеттік сақтандыру сыйлықақыларынан асып, ӨСК жиынтық сыйлықақыларының 38%-ға жетті.

Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықтарды жинайтын барлық компаниялар өсім көрсетті. «Standard Life» ӨСК 2389,6%-ға 598,4 млн теңгені жинап, ең жоғары динамиканы көрсетті. Ол өмірді сақтандыру нарығының 1,1%-ын алады. МАК тұрақты динамиканы көрсетуді жалғастыруда және 2018 жылдың қыркүйегіне қарағанда сыйлықақы жинауды 362,2%-ға, 1,8 млн теңгеге дейін арттырды. «Nomad Life» ӨСК сыйлықақыны 113,3%-ға, 8,9 млрд теңгеге дейін ұлғайта отырып, үш мәнді өсім көрсетті.

Өмірді сақтандыру сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. Қыркүйекте ол сыйлықақыны жинауды 29,7%-ға, 26,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Компанияның нарықтық үлесі 49,7% құрайды. Бұрынғысынша, өмірді сақтандыру нарығының 96%-дан астамын ірі ӨСК үштігін алады: Halyk life, Nomad Life және Еуропалық сақтандыру компаниясы (ЕСК).

2019 жылдың қыркүйегінде ӨСК жиналатын жазатайым оқиғаны (ЖО) сақтандыру сыйлықақысы 3,8%-ға, 6,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Ал тамыз айында жылдық көріністе сыйлықақылар өсе түсті. Төрт ӨСК сыйлықтардың оң, екеуі – теріс динамикасын көрсетті. «Standard Life» ӨСК-те 623,3%-ға тең жоғары сыйлықақы өсімі. «Nomad Life» ӨСК 64,7%-ға сыйалыққыларын өсірді. «Halyk life» ӨСК сыйлықақыларында 11,6%-ға өсті, бұл оған ӨСК бөлінісінде ЖО сегментінің көшбасшысы болуға кедергі келтірмейді. «Halyk life» ӨСК портфелі сақтандырудың осы сыныбындағы 4 млрд теңгені, ал нарықтық үлесі 58,3%-ды құрайды. Сақтандырудың осы сегментіндегі екінші ірі сақтандырушы (нарықтың 35%) - 2,4 млрд теңге портфелі бар Еуропалық сақтандыру компаниясы (ЕСК) ӨСК.  Екі компания да нарықтың 93,2% құрады.

КСЖ бөлінісінде сырқаттану жағдайына сақтандыру портфелі (ЕМС) қысылуын жалғастырады.  2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 71,9% - ға, 14,3 млн теңгеге дейін қысқарды.

ЕМС бойынша сыйлықақыны үш ӨСК жинайды. Сегменттің көшбасшысы – «Standard Life» ӨСК, сыйлықақыларының көлемі 9 млн теңге құрайды. Ол қыркүйек (жылдан жылға) қорытындысы бойынша сыйлықақыны жинауды 73,6%-ға арттырды. Компания ӨСК бойынша ЕМС нарығының 63%-ын алады. Екінші ірі компания, «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақыны 3,1%-ға жинап (жылдан жылға), 4,7 млн теңгеге дейін ұлғайта отырып, ЕМС нарығының 33,2%-ын алады.

Нарықтың үшінші ойыншысы, «Halyk life» ӨСК белсенділікті төмендетті. Сыйақылар өткен жылдың қорытындысы бойынша 98,7%-ға төмендеп, 2019 жылдың қазан айының басына 527 мың теңгені құрады. Компанияның 3,67%-дық нарықтық үлеске ие болады.

"Қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру" сыныбында (ЖОМС) өсу жалғастырылды. 2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша ЖОМС өткен жылдың қорытындысы бойынша 11,9%-ға өсіп, 28,5 млрд теңгеге жетті. 2019 жылдың қазан айының басында ЖОМС сыйлықақылары 20,5% құрады.

Есепті кезеңде ЖОМС бойынша сыйлықақы жинайтын үш ӨСК түсімді ұлғайтты, ал екеуі – қысқартты. Барлық компаниялардың өсуі нарықтан жоғары болғаның айта кету керек.

Сыйлықақылардың 23,5%-ға төмендетілуін ескерсек те, 9,2 млрд теңгені құрайтын ең ірі портфелі (ЖОМС нарығының 32,6%) «Halyk life» ӨСК-та. Оның артында «Nomad Life» ӨСК келе жатыр, ол сыйлықақыны 17,8%-ға ұлғайтты, 8,8 млрд.теңге жинап және ОСНС нарығының 30,8%-ын алып отыр. «Standard Life» ӨСК ЖОМС сегментіндегі көшбасшылар қатарына оралды. Сыйақылардың 84,4%-ға өскенін көрсетіп, ол 3,3 млрд теңге жинап, ЖОМС нарығының 11,9%-ын иеленді.

Сыйлықақылардың тұрақтылығы ӨСК активтерді арттыруға мүмкіндік береді. 2019 жылдың қыркүйегінде ӨСЖ жиынтық активтері 26,4%-ға, 396,8 млрд теңгеге дейін өсті.  Сақтандыру резервтері 29,1%-ға, 319 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  ӨСК табысы 24,8%-ға, 14 млрд теңгеге дейін өсті.

«Nomad Life» ӨСК 4,5 млрд теңге көлеміндегі ең жоғары табыс мөлшерін көрсетті. Ол ӨСК-ның жиынтық пайдасының 32,3% түрлендіреді. Екінші орынға 4,1 млрд теңге нәтижесімен (ӨСК жиынтық пайданың 29,3%) «Halyk life» ӨСК көтерілді. Үшінші орынға 2,9 млрд теңге пайда тауып, ЕСК түсіп қалды, бұл ӨСК жиынтық пайдасының 21,1%-ын құрайды. 

 

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру