bs-preloader__icon
ru kz

Жаһандық зейнетақы активтері бір жылда $32 трлн-ға дейін өсті

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ақпаратына сәйкес, өңірдің зейнетақы қорларының активтері 2019 жылы $32 трлн-ға дейін өсті, деп хабарлайды Nairametrics News
Жаһандық зейнетақы активтері бір жылда $32 трлн-ға дейін өсті

Америка Құрама Штаттарының азаматтары зейнетақы жинақтарының ең көп сомасына ие - $18,8 трлн. Одан кейін Ұлыбритания - $3,6 трлн, Австралия - $1,8 трлн, Канада - $1,5 трлн, Жапония - $1,4 трлн және Швейцария - $1 трлн. Бұл ретте ЭЫДҰ-ның барлық зейнетақы активтерінің 90% тоғыз мемлекетке тиесілі.

2018 жылмен салыстырғанда өңірдегі зейнетақы қорларының активтері 13,9% -ға өсті. Бұл тізімде зейнетақы қорлары шығынға ұшыраған Польша мен Украина ғана бар. Қарттыққа арналған жинақтардың ең көп өсімі бар ел - Армения (+ 58,2%), одан әрі 37,3% өсіммен Түркия келе жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы онша әсерлі болмайды. Коронавирустың пандемиясы мен көктемнің мұнай дағдарысы әлемнің барлық қор нарықтарында дауылдарды қоздырды. ЭЫДҰ мәліметінше, өңірдің ЗҚ активтері $29,8 трлн дейін қысқарады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ-ға 37 мемлекет кіреді

Дереккөзі: https://nairametrics.com/2020/06/15/global-pension-assets-rose-to-32-trillion-in-2019/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Пандемия жақындар туралы ойлануға себеп
Пандемия жақындар туралы ойлануға себеп

Коронавирус пандемиясының салдарынан өмірді ...

Құлпынайда нитраттарды қалай анықтауға болады
Құлпынайда нитраттарды қалай анықтауға болады

Ерте шыққан құлпынайды шектеулі көлемде жеген...

«Сақтандыру агенттерісіз жалпы сақтандыру мүмкін емес»
«Сақтандыру агенттерісіз жалпы сақтандыру мүмкін емес»

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ Басқарма төрағасы Дәу...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру