bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 1 триллион теңгеге жақындады

Сақтандыру секторының активтері 2018 жылғы маусымның соңында 993,2 млрд тг құрады, бұл бір жыл бұрынғы - 895,4 млрд тг салыстырғанда, 10,9%-ға артық. 1 трлн теңге белгісіне жақындау және өсудің бірқалыпты қарқыны сақтандыру компанияларының жоспарлы белсендірілуін және олардың қызметтеріне қызығушылығын білдіреді. Соңғы 5 жылдың ішінде сақтандыру компанияларының активтері екі есе 492,5 млрд теңгеге артты.
Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 1 триллион теңгеге жақындады

Банктік сектордағыдай, сақтандыру саласында 5 ірі компанияда топталған активтердің жоғары шоғырлануы байқалады. СК ТОП-5 үлесіне сектордың барлық активтерінің 54,3% (539,1 млрд тг) жатады.

Активтердің мөлшері бойынша саланың абсолюттік көшбасшысы «Евразия» СК – 246,9 млрд тг (+19,4% жылға-жыл) болып табылады. содан кейін «Виктория» СК – 84,4 млрд тг (+7,2% жылға-жыл).

«НОМАД LIFE» үшінші орында орналасты – 73 млрд тг (+21,1% жылға-жыл). Төртінші орында «Халык-Life» - 69,9 млрд тг (+25,9% жылға-жыл) орналасты.

Көшбасшылар бестігінің соңында «Казкоммерц-Life» СК орналасқан, оның активтері ағымдағы жылдың маусым айының соңында 64,9 млрд тг (+13,3% жылға-жыл) құрады.

Сондай-ақ, едәуір қарқынды дамып келе жатқан сақтандыру компанияларының ТОП-5 үлесіне жиынтық активтерден 12,1% (120 млрд тг) жатады.

Активтердің өсуі бойынша көшбасшылар арасында бірінші орынға «Азия-Life» компаниясы ие болды, оның активтері жыл-жылға 8,3 млрд теңгеден 15,6 млрд теңгеге дейін 87,4%-ға дейін өсті.

Содан кейін «ИНТЕРТИЧ» – өсуі 30,7% немесе 1,8 млрд теңгені құрады.

«Халык-Life» компаниясы бір жылдың ішінде өз активтерінің мөлшерін 25,9%-ға (14,4 млрд тг) арттырып, үінші орынға ие болды.

Содан кейін «Kompetenz» компаниясы – оның өсуі жылдан жылға 24,9% немесе 2 млрд тг құрады. ТОП-5 соңында «Коммеск-Өмiр» орналасқан, компанияның жиынтық мөлшері 21,8%-ға артылып,  17,1 млрд тг құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 14,1 млрд тг құраған болатын.

Дереккөзі, интернет-ресурс: Finprom.kz

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Менталды қағида: «Мен ешқандай жамандыққа ұшырамаймын, бірақ...»
Менталды қағида: «Мен ешқандай жамандыққа ұшырамаймын, бірақ...»

«Сақтандыру: қоғамдық сараптама» ақпараттық ж...

ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді
ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді

2023 жылы ел бойынша қызметкерлердің орташа айл...

Жас ата-аналарға қандай өмірді сақтандыру полисі қажет
Жас ата-аналарға қандай өмірді сақтандыру полисі қажет

Сіз ата-ана болған кезде өмір жаңа мағынаға ие ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру