bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыруға ақша жұмсаған дұрыс па?

Өмірді сақтандыру – бұл сенімді қауіпсіздік жастықшасы, жинақ сандықша және қосымша табыс. Өзіңізге және өз отбасыңызға нәтижесінде не беретініңізді – сіз ғана шешесіз.
Өмірді сақтандыруға ақша жұмсаған дұрыс па?

Өмірді тәуекелді сақтандыру және оның ерекшеліктері

Тәуекелді сақтандыруда төлем сақтандыру оқиғасы басталған жағдайда жүргізіледі. Сақтандыру оқиғасы болып көбісі болуы мүмкін: еңбекке қабілеттіліктен айырылу, жарақат, ауру. Және осы жерде қолдаудың болғаны өте маңызды. Бұл қолдау - сақтандыру бойынша төлемдер болып табылады. Бұл ақшаға сіз үзіліс алуыңызға, емделуіңізге болады, ал еңбекке қабілетсіздік уақытында отбасыңызға лайықты деңгейде өмірді қамтамасыз ете аласыз. Жаман емес, иә? 

Жинақтаушы сақтандыру

Жинақтаушы бағдарламалар жинақты құру және сақтандыру қорғауы үдерістерін біріктіреді. Бұл тәуекелді сақтандырудың жаңартпасы деуге болады. Екеуі біреуінде. Ол сақтандыру жағдайы басталған кезде төлемдер мен қаражат жинақтауды біріктіреді.

Жинақтаушы сақтандыруда өмір сүру деген ұғым бар. Бұл сіз белгілі бір жасқа дейін өмір сүрген және сізбен ешнәрсе болмаған кез. Жақсы қорытындымен сақтандыру. Соңына дейін өмір сүру деген сөз құлаққа жағымды болмаса да, оның мағынасы өте жақсы. Өзіңіздің мықты денсаулығыңыз үшін ғана ақша алу және өзіңізге тұрақты келешек қамтамасыз етудің өзі керемет.

Инвестициялық сақтандыру

Өмірді сақтандырудың тағы бір түрі – инвестициялық. Бұл инвестициялардан жоғары табыс мүмкіншілігі және сақтандыру қорғауы. ӨИС мен ӨЖС-нің басты айырмашылығы – ӨЖС-де кіріс кепілдендірілген және шартта көрсетілген. ӨИС-де ешқандай кепіл жоқ. Салынған ақша ғана 100% қайтады, қалғаны қор нарығындағы жағдайға тәуелді.

Сақтандыру жарнасын екі бөлікке бөледі. Бір бөлігі табыс табады, екіншісі сақтандыру жағдайы басталатын уақытты күтіп тұрады..

Бұл жерде сіз өзіңіз бен отбасыңызға тұрақты болашақты қамтамасыз етіп қоймайсыз, сонымен қатар табыс таба аласыз.

Тағы екі артықшылығы – ерекше заңды мәртебесі және салық жеңілдіктеріне құқық. Яғни, бұл жәй ғана инвестициялау емес, артықшылығы бар инвестициялау, себебі салынған қаражаттың бір бөлігін ЖТКС бойынша әлеуметтік шегерімді пайдалана отырып қайтаруға болады. Сонымен қатар, сізден сақтандыру үшін ақшаңызды тәркілемейді, ажырасу кезінде алып қоймайды, оларға тыйым салуға және сот бойынша алуға болмайды. Бұл қолжетімділердің ішіндегі активтердің ең мықты қорғауы.

Дереккөзі: https://journal.tinkoff.ru/strahovaniye-zhizni99/

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды
Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды

2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстанд...

Сақтандырушылар қандай клиенттерге несие бере алады?
Сақтандырушылар қандай клиенттерге несие бере алады?

Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығы үнемі д...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру