Алайда дәрігерлер мен биологтардың көбісі әзірге мұндай диетаның тек артықшылықтары ғана барына сенімді емес. Атап айтқанда, АҚШ Қартаю ұлттық институты және әлемнің басқа зерттеу ұйымдары мерзімдік аштыққа өтуге кеңес бермейді, себебі оның барлық әсерлері, әсіресе егде жастағы адамдар үшін әзірге толық зерттелмеген.
Сидней университетінің жаңа зерттеуінің барысында ғалымдар мерзімдік аштықтар жануарлардың және адамдардың ағзасында түрлі майдың әр түрлі жиналуына әсер ететінін анықтады. Олар осындай диетаға өту бірнеше арнайы семіртілген тышқандардың денсаулығына зат алмасуына және ағзада май қыртыстарының мөлшеріне қалай әсер еткенін бақылады. Барлық сүтқоректілердің ағзасында майлы тіннің екі түрі бар – күш-қуат жиналатын ақ май және қоректік заттарды денені жылыту үшін пайдаланатын қоңыр май.
Ақ май, өз кезегінде, тағы екі түрге бөлінеді – оның қыртыстары қай жерде орналасқанына байланысты – тері асты майына және іштегі майға. Ғалымдар кеміргіштерді семіртті, оларды диетаға отырғызды және мерзімді түрде жануарлардың салмақтарының төмендеуіне қарай майдың барлық үш түрінен жасушалардың сынамасын алуды бастады. Тамақтың жетіспеушілігі қоңыр және ақ майдың жасушаларына әр түрлі әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге ақ майдың екі түріне де әсер еткен. Атап айтқанда, тері асты майы басқаларына қарағанда тезірек «еріген». Майдың барлық үш түрінде геннің және ақуыз белсенділігінің талдамасы іштегі май жасушаларының тамақтың мерзімдік болмауына тез бейімделу себебінде болғанын көрсеткен.
Бұл үшін олар сыни сәтте күш-қуатты үнемдеуге және мәжбүрлі ыдыраудан олардың құрамын қорғауға көмектесетін белгілі гендерді іске қосқан. Ақ және қоңыр тері асты майында мұндай ештеңе болмаған.
Дереккөзі: https://nauka.tass.ru/nauka/10818521
Сурет ашық дереккөздерден