Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 4 трлн теңгеге жетіп, қаңтар айында 1,4%-ға артты. Алайда негізгі өсім life сегментінде байқалады. 2025 жылдың алғашқы айында ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 72,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға өсті. Бұл сегменттің ішінде қарқынды өсім көрсеткен екі бағыт ерекшеленеді:
- өмірді сақтандыру бойынша түсімдер 74,4%-ға өсті;
- зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылар 1,7 есеге артты.
Бұл көрсеткіштер қазақстандықтардың ұзақ мерзімді жинақтау стратегияларын жиі таңдай бастағанын және сақтандыру компанияларын зейнетке арналған «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру мен маңызды өмірлік мақсаттарға капитал жинаудың сенімді құралы ретінде қарастыратынын дәлелдейді.
Келісімшарттар көлемінің артуымен бірге сақтандырушылардың жауапкершілігі де өсіп отырғаны заңды. 2026 жылдың қаңтар айындағы сақтандыру төлемдері 42 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,5%-ға артты. Барлығы 155,6 мың төлем жүзеге асырылды. Реттеуші органның мәліметінше, мұндай динамика зейнетақы аннуитеттері мен өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің ұлғаюымен тікелей байланысты — бұл өнімдердің тиімді жұмыс істеп жатқанын және сақтандыру жағдайлары орын алғанда клиенттердің нақты қаржылық қолдау алатынын көрсетеді.
Айта кетерлігі, қаңтар айында жасалған келісімшарттардың жалпы саны 33,1%-ға төмендеп, 1,3 млн-ға жетті. Бұл жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының күрт қысқаруына байланысты (–88,3%). Алайда нарық бұл төмендеуді сапалы өсіммен өтеп отыр: адамдар қысқа мерзімді, қарапайым өнімдерден ұзақ мерзімді, кешенді өмірді сақтандыру бағдарламаларына көше бастады. Бұл қаржылық сауаттылықтың артып, секторға деген сенімнің күшейгенін білдіреді.
Фото ашық дереккөздерден


