bs-preloader__icon
ru kz

ҚР Қылмыстық кодексіне «Сақтандыру саласындағы алаяқтық» бабын енгізуді ұсынады

Әзірше сақтандыру ұйымдарының тергеуге және осындай алаяқтық үшін жазалауға қатысуымен байланысты қолдары байлаулы, деп Zakon.kz хабарлайды.
ҚР Қылмыстық кодексіне «Сақтандыру саласындағы алаяқтық» бабын енгізуді ұсынады

«Биылғы жылы алаяқтық тәсімдер үлкен өсуді көрсеткенін біз ерекше сезіндік», – деп «Коммеск-Өмір» СК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Акентьев баспасөз-мәжілісінде баяндады. Оның пікірінше, жол полициясының кейбір қызметкерлерін қатыстыру арқылы жасанды жол-көлік оқиғаларды тіркеумен алаяқтық тәсімдердің өсуі байқалады.

«Сақтандыру алаяқтығының тағы бір әдісі – бұл жосықсыз сақтанушылар бірнеше сақтандыру компанияларында тура сол зақымдалуы үшін төлемдерге қол жеткізуге тырысып жүреді. Бұл жағдайлар Бірыңғай сақтандыру деректер базасы арқылы кейінгі құқық қорғау органдарына жүгінумен және қылмыстық істі қозғаумен анықталады», – деп Акентьев жалғастырды.

Ол сақтандыру компанияларының қолдары тергеумен де, сондай-ақ оған қатысуымен де байланып отырғандығын мойындап отыр.

«Қазақстанда Ресейге қарағанда, Қылмыстық Кодексте сақтандыру алаяқтығы үшін бап қарастырылмаған. Ресейлік кодексте мұндай бап баяғыдан бар, және ондағы қарастырылған жаза өте қатты. Бұл баптың жоқтығы бізге көптеген іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік бермейді», – деп компанияның өкілі түсіндіріп берді.

Акентьев келесі жылы бұл мәселе қозғалатындығын нақты айтты.

«Қалыптасып отырған жағдайға байланысты сақтандыру қауымдастығы ҚР Қылмыстық кодексіне «Сақтандыру саласындағы алаяқтық» деген бапты енгізуді ұсынып отыр», - деді ол.

Дереккөзі: http://www.zakon.kz/4940740-strahovoy-rynok-kazahstana-proigryvaet.html

Суретте: Владимир Акентьев. 

Фотосурет  Белновости, LiveLib, kapital.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сіздің өміріңізді сақтандыру қашан тиімді
Сіздің өміріңізді сақтандыру қашан тиімді

ҚҚҚ талдау орталығының мәліметінше, қазақстан...

Қазақстандықтардың саны 19,7 млн адамнан асты
Қазақстандықтардың саны 19,7 млн адамнан асты

2023 жылғы бірінші қаңтардағы жағдай бойынша ха...

Өлімді бұрмалау арқылы сақтандыруға әрекет: Бахрейндегі іс
Өлімді бұрмалау арқылы сақтандыруға әрекет: Бахрейндегі іс

Бахрейнде Пәкістаннан келген 44 жастағы азамат...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру