bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді

Мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырыста «Сақтандыру және сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, хабарлайды kursiv.kz.
Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді

Отырыста шығып сөйлеген депутат Сергей Симонов заң жобасы аясында сақтандырушының немесе сақтандыру омбудсменінің шешімімен келіспеген жағдайда сақтанушының сотқа жүгіну құқығы белгіленген, сондай-ақ сақтандырылған тұлғаның сақтандыру компания арқылы сақтандыру омбудсменге жүгіну тәртібі қарастырылған, деп түсіндірді.

Сонымен қатар заң жобасында «халық және бизнес үшін сақтандыру құнын төмендету және оған қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде тікелей сатылымдарды дамыту және сақтандыру агенттердің делдалдарының қатысуын төмендету арқылы бір қатар шаралар қарастырылған».

«Сақтандыру агенттерінің жосықсыз бәсекелестікті және алаяқтық схемаларды алдын алатын нормалар қабылданды. Енді сақтандыру ұйымы әрбір үш жыл сайын сақтандыру агентінің «Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» заңымен белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру міндетті болады.  Сақтандырушы агентімен тапсырма шартының талаптарынан шығатын міндеттемелерін орындамауы бес жыл бойы қызметті жүзеге асыруға кейіннен тыйым салу үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, сақтандыру агентімен сақтандыру туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін сақтандыру ұйымынң жауапкершілігі белгіленді», - деп, Симонов атап өтті.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде сақтандыру оқиғасы болмаған және өз қызметкерлері үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалған сақтанушы мен жұмыс беруші үшін сақтандыру сыйлықақының мөлшерін төмендету қарастырылмағанын айтты. «Сондықтан депутаттар сақтандырушылармен икемді сақтандыру тарифтерін белгілеу арқылы өндірістің қауіпсіз жағдайларын жасауға жұмыс берушілерді ынталандыруға бағытталған түзетулерді енгізді», – деді депутат.   

Сондай-ақ, заң жобасы сақтандыру төлемдерді кепілдендіру жүйесін кеңейтеді – кепілдендіру жүйесіне зейнетақы аннуитеттер және өндірісте зардап шеккен қызметкерлер пайдасына жасалатын аннуитеттер енгізілген. «Сақтандырудың осы түрлері бойынша төлемдердің сипаты ұзақ мерзімді болғанын ескеретін болсақ, депутаттармен аннуитеттік төлемдерді кепілдендіру шарттары мен талаптарын нақтыланды. Сақтандыру компаниясын жою кезінде төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз ету процедуралары, сонымен қатар сақтандырудың кепілдендірілетін түрлерінің тізімі реттелген», - деп түсіндірді Симонов.

Заң жобасы сенатқа қарау үшін жолданды.

Дереккөзіhttps://www.kursiv.kz/news/kompanii/strahovye-kompanii-obazut-nesti-otvetstvennost-za-svoih-agentov/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру