bs-preloader__icon
ru kz
✕

Өмірді сақтандыру компаниялары жерлеу консьерждің қызметін ұсынады

Жерлеуді жоспарлау жақындар үшін қиын мәселе болуы мүмкін. Күйзеліс жағдайында адамдар қателік жасайды, олар жоғары бағамен қызмет немесе қажет емес қызметтерді сатып алады, деп жазады Forbes.
Өмірді сақтандыру компаниялары жерлеу консьерждің қызметін ұсынады

АҚШ Ұлттық жерлеу бюросының мәліметінше, жерлеудің орташа құны 2019 жылы 7.640 долларды құраған. Егер бұл санға жер телімінің құны қосылса, шығындар 9.135 долларға дейін өседі. «Адамдардың ең үлкен қорқынышы – өлім, сондықтан жерлеу рәсімін ешкім жоспарламайды, қызметті сатып алу алдында нарықты зерттемейді. Бұл нарықты біле тұра 3000-нан 10 000 долларға дейін үнемдеуге болады», – дейді Everest жерлеу консьерж-қызметінің бас директоры Марк Дафф.

Қазіргі уақытта өмірді сақтандыру бойынша көптеген компаниялар жерлеу консьерж-қызметтерімен шарттар жасасты және клиенттің қалауы бойынша полистерге жаңа опция енгізеді. Жерлеу консьержі клиенттерге нарықтағы ең жақсы бағаны ұсынады, қажетті қызметтерді таңдауға көмектеседі.

«Жерлеу бюросы клиенттерге қызмет топтамасын жиі мәжбүрлеп таңдатқызады, ал кәсіби маман адамдарды артық шығындардан босатады. Біз міндетті емес және қажетсіз нәрселерді алып тастаймыз, бұл мыңдаған және мыңдаған долларды үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді Даффи.

Өмірді сақтандырудың кейбір полистері төленген жерлеуді қамтиды.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/funeral-concierge/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр

Сақтандыру секторында екінші жыл қатарынан өм...

Балаларды қолдау
Балаларды қолдау

Мемлекет өсіп келе жатқан ұрпақты қолдауға ер...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру