bs-preloader__icon
ru kz

10 қазақстандықтың 3-і ғана қаржылық жағдайына толықтай қанағаттанған

Жыл сайын наурызда жүргізілетін халықтың өмір сүру сапасын зерттеуге сәйкес, қаржылық жағдайына толықтай қанағаттанамын деп жауап берген респонденттердің үлесі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді: 2022 жылы бір жыл бұрынғы 40,2%-ға қарағанда 32,1% ғана құрады, деп ranking.kz сайтына сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.
10 қазақстандықтың 3-і ғана қаржылық жағдайына толықтай қанағаттанған

Бұл ретте қаржылық жағдайына ішінара қанағаттанатындардың үлесі бір жылда 56,3%-дан 64%-ға дейін өсті. Қаржылық жағдайына қанағаттанбайтын респонденттердің үлесі бір жыл ішінде өзгерген жоқ (0,6%), сұралғандардың 3,3%-ы жауап беруге қиналған.

 

Отбасының экономикалық жағдайына толық қанағаттанатын респонденттердің үлесі де бір жыл ішінде – 44,1%-дан 34,7%-ға төмендесе, ішінара қанағаттанғандардың үлесі 52,8%-дан 63%-ға өсті. Отбасының экономикалық жағдайына қанағаттанбаған респонденттердің үлесі бір жылда 1,1%-дан 0,5%-ға дейін төмендеді, тағы 1,8%-ы жауап беруге қиналады.

 

Елді мекен бойынша қаржылық жағдайына толық қанағаттанатын респонденттердің үлесі ауылдық жерлерде қалаға қарағанда жоғары: 30,6%-ға қарсы 34,8%. Қанағаттанбағандардың үлесі қалаларда жоғары: ауылдық жерлердегі 0,4%-ға қарсы 0,7%.

 

Ерлер арасында қаржылық жағдайына толық қанағаттанатындардың үлесі әйелдерге қарағанда жоғары: 29,5%-ға қарсы 35,9%. Бұл ретте ерлер мен әйелдердің арасында қанағаттанбағандардың үлесі бірдей: 0,6%.

 

Жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша қаржылық жағдайына қанағаттанған респонденттердің ең көп үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында байқалды: 35,7%. Одан кейінгісі – шамалы айырмасы бар жалдамалы жұмыскерлер: 33,3%. Жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш күтілгендей айтарлықтай төмен: 28,3%.

 

Материалдық жағдайына қанағаттанбағандардың үлесі жұмыссыздар арасында 2%, жалдамалы жұмыскерлер арасында 0,4%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 0,3% болды.

 

Бұл ретте, егер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жауап беруге қиналған немесе сұрақты олардың жағдайына сәйкес емес деп санаған респонденттердің үлесі бар болғаны 0,2%,  жалдамалы жұмыскерлер арасында - 0,7% болса, жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш болжамдағыдай бірден 10%-ға жетті.

 

Дереккөз: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/tolko-3-iz-10-kazahstancev-polnostyu-udovletvoreny-svoim-finansovym-polozheniem-protiv-4-iz-10-godom-ranee

Фото ашық дереккөздерден алынған

 

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында

Big Data технологиясы бизнесте немесе адамдардың,...

Вьетнамдық өмірді сақтандыру нарығы сенім дағдарысына тап болды
Вьетнамдық өмірді сақтандыру нарығы сенім дағдарысына тап болды

Жыл басынан бері алты ай ішінде Вьетнам сақтан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру