bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанның сақтандыру секторында дамудың тұрақты үлгісін қамтамасыз ету бойынша аз ғана уақыты қалды

Сақтандыру секторы шетелдік компаниялардың филиалдарын нарыққа кіру рұқсаты бойынша ДСҰ талаптары іске асырылатын алғашқы сегментіне айналады. Бұл туралы Қазақстанның VIII Қаржыгерлер конгресінің сессиясында сөз алған Қазақстанның Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев баяндады, деп реттеушінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Қазақстанның сақтандыру секторында дамудың тұрақты үлгісін қамтамасыз ету бойынша аз ғана уақыты қалды

 «Бұл жағдайда, ұлттық сақтандыру секторында шетелдік ойыншылар тарапынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік беретін дамудың тұрақты моделін қамтамасыз ету бойынша уақыты өте аз», – деп атап өтті ол.

Д. Ақышев соңғы 5 жылдың ішінде сақтандыру ұйымдары активтерінің 2 есе өсуіне қарамастан нарық тәуекелдерді сіңіріп алудың жоғары капитализацияланған құралына әлі айналмады.

«Сақтандыру секторының елдің экономикасындағы маңыздылығы аса жоғары емес. Соңғы 10 жылдың ішінде сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері ЖІӨ 1%-дан аспайды. Біз тек қана дамыған елдердің емес, посткеңестік кеңістікте көптеген елдердің соңындамыз», – деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Д.Ақышев 2018 жылда Ұлттық Банк онлайн сақтандыруды жүзеге асыруға, сақтандыру қызметтерін тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретін сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша үлкен жұмысты атқарғандығын айтты. Сондай-ақ, шетелге шығатын туристерді қорғау жүйесі де өзгерді.

«Тәуекелге бағытталған қадағалау шеңберінде қайта сақтандыру бойынша айқын емес қызметімен, жасырын сыйақыларды төлеу бойынша сызбалардың болуымен және қаржы көрсеткіштерінің манипуляциясымен байланысты мәселелерді жою бойынша шаралар күшейтілетін болады», – деп хабарлады ол.

Д.Ақышевтың сөзінше, жаңа талаптар сақтандыру ұйымдарының акционерлері мен менеджментінің нарықтағы адал әрекеті, тұтынушыларға түсінікті сақтандыру қызметтерін ұсыну процесінің айқындылығын қамтамасыз ету бойынша күштерін үлестіруін талап етеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы ортаның өзгеруі және сақтандыру нарығы алдында тұрған сын-тегеуріндері қысқа мерзімді пайданы алуға бағытталған компаниялардың бизнес-үлгілерін секторды капиталдандырудың өсуіне және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға қарай миграцияны талап ететінін түсіндірді.

Фотосурет: Kapital.kz

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру