bs-preloader__icon
ru kz

Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы 2026 жылы $665,6 млрд-қа жетеді

Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы орта есеппен жылына 6,3%-ға өседі. Осылайша 2026 жылы $665,6 млрд-қа жетеді. GlobalData компаниясында осындай тұжырым жасалды.
Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы 2026 жылы $665,6 млрд-қа жетеді

Экономиканың қалпына келуі, сату каналдарын ұлғайту, нарық инновациясы және елдегі демографиялық жағдай өсімді қолдайды. Өмірді сақтандыру индустриясымен қатар, жалпы сақтандыру нарығының да ұлғаюы күтілуде.

GlobalData-тің аға талдаушысы Деблина Митра былай пікір білдірді: «Өмірді сақтандыру компаниялары жинақтаушы және инвестициялық өнімдерді таратудың негізгі каналы болып табылады. Қытайдағы ауқатты адамдардың 85%-дан астамы мұрагерлікті жоспарлау кезіндегі өмірді сақтандыруды қалайды. Келесі бес жылдың ішінде ауқатты халық саны тағы орта есеппен жылына 9%-ға өсетіні күтілуде, бұл өмірді сақтандыруға сұранысты жоғарылатады.»

Қытайдағы өмірді сақтандыру индустриясы сонымен қатар жеке медициналық мекемелер санының және халықтың табысының өсуімен туындаған, жазатайым оқиғалардан және денсаулықты сақтандыруға өсуші сұраныстың арқасында ұтты. «Бүткіл өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру неғұрлым танымал болып келеді. Бұл өнімдердің негізгі тұтынушылары – орташа деңгейдегі табысы бар халық».

Дереккөзі: https://www.reinsurancene.ws/china-life-insurance-industry-to-reach-665-6bn-in-2026-globaldata

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру