bs-preloader__icon
ru kz

Ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға кезінде жұмыс берушінің кінәсі анықталды

2024 жылғы 20 шілдеде Қарағандыда YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған өліммен аяқталған топтық жазатайым оқиғаны тергеу үшін құрылған арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын зерттеп, негізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға кезінде жұмыс берушінің кінәсі анықталды

Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды.

Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және зардап шеккендердің отбасы мүшелерімен кездесті, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға заңды құқықтары түсіндірілді.

Тергеу нәтижелері болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады.

Жұмыс берушінің ақпаратына сәйкес, жұмыс берушінің міндеттемелеріне қатысты материалдық сипаттағы барлық мәселелер, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жақын туыстарына өзге де көмек көрсету реттелді.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полисін сатып алмас бұрын не білу керек
Өмірді сақтандыру полисін сатып алмас бұрын не білу керек

Көптеген адамдар үшін өмірді сақтандыру – қар...

Азияның сақтандыру нарығы Солтүстік Америкаға қуып жететін болады
Азияның сақтандыру нарығы Солтүстік Америкаға қуып жететін болады

Бұл нарықтың әлеуеті зор. Шетелдік сақтандыру...

Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Әлемдік сақтандыру секторы шамамен $ 33 трлн қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру