2021 жылғы тамыздың басына ӨСК-нің жиынтық брутто-сыйлықақылары 214 млрд теңгені құрады. Салыстырмалы көріністе сыйлықақылар 91,5%-ға (жылдан жылға) өсті. 70,9 млрд теңгеге сыйлықақылардың ең жоғары портфелін «Halyk life» ӨСК жинады. Өмірді сақтандыру нарығында компанияның үлесі 33,2%-ға дейін ұлғайды. Активтер (219 млрд теңге), сақтандыру резервтері (164,7 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (7,8 млрд теңге) бойынша өмірді сақтандыру компаниялары арасында көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Ол сақтандыру резевтерінің көлемі бойынша ҚР бүткіл сақтандыру нарығында көш бастап келеді. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 29,4%-ды құрады.
2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру осы сегментте жұмыс істейтін барлық ӨСК жинақтарының оң динамикасы есебінен ең жоғары өсуші сынып болып қалуды жалғастыруда. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары 2020 жылғы осы кезеңіне 122,5%-ға өсті және 85 млрд теңгеден асып түсті. Аннуитеттік сақтандырудың барлық сегменттері сондай-ақ жинақтардың жоғары динамикасын сақтап тұр. Зейнетақы аннуитеттері жылдық көріністе 129,8%-ға, жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері (ЖЖА) - 31,5%-ға, аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері - 56,6%-ға өсті. Абсолюттік цифрлармен зейнетақы аннуитеттері бойынша жинақтар 80,8 млрд теңгені құрады. Алайда олар сақтандырудың басқа сыныптарында өсуші жинақтардың есебінен ӨСК жиынтық портфелінде қысқаруды (37,7%-ға дейін) жалғастыруда.
Аннуитеттік сақтандыру секторы және зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелінің көлемі 26,9 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 26,2 млрд теңгеге дейін өсті. «Nomad Life» ӨСК шілденің қорытындысы бойынша аннуитеттер сегментінде 31,8%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 32,5%-ды алады. Аннуитеттік портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алады. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 22,8 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 21,3 млрд теңге жинады. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 26,9%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 26,4%-ды құрады.
Үшінші орынға «Евразия» ӨСК орналасты. Ол 11,2 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 11,1 млрд теңге жинады. 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 13,3%, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,8% үлесті алады.
«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша жылдық көріністе 2,9 млрд теңгеге жетіп, 31,5%-ға жақсы динамиканы сақтап қалды. ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша ӨСК сыйлықақылары 1 млрд теңгеден асып түсті. Дегенмен, ЖЖА бойынша «Halyk life» ӨСК-нің нарықтық үлесі біртіндеп басқа компаниялардың жинақтарының өсуі есебінен қысқаруда. Шілде айында «Halyk life» ӨСК-нің ЖЖА бойынша үлесі 2021 жылғы маусымдағы 37,3%-ға және мамырдағы 38,5%-ға қарсы, 36,9%-ға дейін төмендеді. Екінші орынды «Nomad Life» ӨСК ұстап тұр. ЖЖА сегментінде оның сыйлықақыларының портфелі 643,2 млн теңгеге дейін, ал нарықтық үлесі маусымдағы 20,7%-ға қарсы, 21,8%-ға дейін ұлғайды.
ЖЖА сегментінде үшінші орынға күрес жалғасып жатыр. Алты айдың қорытындысы бойынша үшінші позицияны иеленіп келген және жеті айдың қорытындысы бойынша 405,2 теңге (ЖЖА сегментінің 13,7% үлесі) жинаған «Standard Life» ӨСК позицияны «KM Life» ӨСК-ге берді. Соңғысы сыйлықақылардың 408,1 млн теңгесін жинады және бұл оған ЖЖА-ның 13,8% үлесін алуға мүмкіндік берді. 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігі алты айдың қорытындысы бойынша 72,66%-ға қарсы ЖЖА бойынша сыйлықақылардың 72,5%-ын жинады.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті шілдеде сыйлықақылардың жылдық динамикасын маусымдағы 29%-ға қарсы 56,6%-ға дейін ұлғайтты. Ақшалай көріністе сыйлықақылардың жиынтық портфелі 1,2 млрд теңгеден асып түсті. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады. Шілдеде ол 696,6 млн теңге жинады және маусымның қорытындысы бойынша 46,5%-ға қарсы 56,1%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін ұлғайтып, басқа ӨСК-лерден үлкен ілгерілеуді қамтамасыз етті. 450,8 млн теңгеге сыйлықақылардың жинағы бойынша екінші нәтижені «Halyk life» ӨСК көрсетті. 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша оның сегментте нарықтық үлесі маусымдағы 44%-ға қарсы 36,3%-ға дейін қысқарды. Сегменттің үшінші ірі сақтандырушысы - «Nomad Life» ӨСК сегментте 5,7% нарықтық үлесті ала отырып, 70,2 млн теңге жинады.
2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ең ірі ӨСК-лердің үштігі 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша 97,7%-ға және бес айдың қорытындысы бойынша 98,19%-ға қарсы сыйлықақылардың 98%-ын жинады.
«Өмірді сақтандыру» сыныбы 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 116,5%-ға сыйлықақылардың жылдық өсімін көрсетті. Ақшалай көріністе жинақтар 95 млрд теңгеден асып түсті және ӨСК жиынтық портфелінде 44,4%-ды алады. Сегмент көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. Ол нарық үлесін 45,2%-ға дейін ұлғайтып, 42,9 млрд теңге жинады. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК тұр, ол 31,7%-ға нарықтық үлесті ала отырып, 30,1 млрд теңге жинады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру бойынша үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ӨСК портфельді 14,6 млрд теңгеге дейін ұлғайтты және сегментте 15,4%-ды алады.
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғаны сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша динамиканы алты айдың қорытындысы бойынша 32,3% (жылдан жылға) өсімге қарсы 37,4%-ға дейін ұлғайтты. Абсолюттік көріністе ӨСК сыйлықақылары 10,7 млрд теңгеден асып түсті.
ӨСК бөлігінде ЖО сақтандыру бойынша 4 млрд теңге көлемде ең ірі портфель «KM Life» ӨСК-де бекіді. Компания екі ай қатарынан алдыңғы айға қатысы бойынша сыйлықақылардың нөлдік динамикасын көрсетіп отыр. Жылдық көріністе өсім 99,8%-ды құрады. 2021 жылғы тамыздың басына ӨСК бөлігінде жиналатын ЖО сақтандыру бойынша «KM Life» ӨСК-нің сыйлықақылар үлесі 2021 жылғы шілденің басына 43,2%-ға және маусымның басына 48,2%-ға қарсы 37,7%-ға дейін қысқарды. «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақылардың 2,6 млрд теңгесін жинап және 24,5%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтып екінші позицияны алып отыр. 2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша үшінші позицияны ЕСК ӨСК ұстап тұр. Ол 1,8 млрд теңге жинады және нарықтық үлесін 17,7%-ға дейін ұлғайтты.
«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша динамиканы алты айдың қорытындысы бойынша 7,7% (жылдан жылға) қарсы 5,6%-ға дейін төмендетті. ЖОМС бойынша ӨСК-нің жиынтық жинақтары 22,3 млрд теңгені құрады. ЖОМС бойынша сыйлықақыларды жинайтын сегіз ӨСК-ден төрт ӨСК нарық өсімінің қарқынынан жоғары сыйлықақылардың өсімін көрсетті, біреуі нарықтан төмен, үшеуі – 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда теріс динамиканы көрсетті. ЖОМС сегментінің сөзсіз көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. ӨСК портфелі 5,4 млрд теңгеден асты және сегменттің 24,2%-ын алады. Екінші орынға алғашқы рет «Евразия» ӨСК шықты, ол сыйлықақылардың 4 млрд теңгеден астамын жинады және ЖОМС нарығының 18,1% алады. Үшінші позицияға «KM Life» ӨСК түсті. Шілдеде ол 3,9 млрд теңге жинады және компанияның үлесі 17,7%-ды құраған мамыр айының қорытындысына қайтып, маусымдағы 19,5%-ға қарсы 17,7%-ға дейін нарықтық үлесін қысқартты. «Halyk life» ӨСК ЖОМС бөлігінде сыйлықақылар жинағы бойынша көшбасшылар үштігінен шықты. Шілдеде компания сыйлықақылардың 3,8 млрд теңгесін тартты және ЖОМС сегментінің 17%-ын алды.
ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар 2021 жылғы жеті айдың жеті айдың қорытындысы бойынша динамиканы алты айдың 27,5%-на қарсы (жылдан жылға) 31%-ға дейін ұлғайтты. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 869,4 млн теңгені құрады. «KM Life» ӨСК сегменттің ең ірі сақтандырушысы болып қалады. Шілде айының қорытындысы бойынша ӨСК 722,3 млн теңге жинады, алайда нарық үлесін 83,1%-ға дейін төмендетті. Нарықтық үлесінің төмендеуі қалған ӨСК арасында ЕМС бойынша сыйлықақылардың ең төмен динамикасымен түсіндіріледі. Шілдеде «KM Life» ӨСК-нің сыйлықақылары 1,3%-ға (жылдық көріністе - 11,4%-ға) өсті. Сегментте екінші орынды алатын ЕСК ӨСК-ның сыйлықақылары 118,1 млн теңгеге дейін өсті, ал үлесі маусымдағы 12,4%-ға және мамырдағы 10,7%-ға қарсы 13,6%-ға дейін ұлғайды. Сегментте үшінші ірі компания - «Freedom Finance Life» ӨСК - 14,7 млн теңге жинады және нарықтық үлесін маусымдағы 1,4%-ға қарсы 1,7%-ға дейін ұлғайтты.
2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 682,1 млрд теңгеге дейін 17,4%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 492,4 млрд теңгеге дейін 29,9%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 128,8 млрд теңгеге дейін 21,4%-ға (жылдан жылға) өсті.
Сурет ашық дереккөздерден.