bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстанда сақтандыру төлемдерінің қосымша кепілдігін енгізу күтілуде

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады
Қазақстанда сақтандыру төлемдерінің қосымша кепілдігін енгізу күтілуде

Қазақстанда өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша сақтандыру төлемдерінің қосымша кепілдігін енгізу жоспарлануда. Бұндай шара «Сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шегінде қарастырылған. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев, мәлімдеді, деп  Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы  хабарлады.

«2015 жылдың мамыр айында өндірісте жазатайым оқиғаларддан қызметкерді міндетті сақтандыру бойынша заңға өзгерістер енгізілген. Құрметті, депутаттар, бұл заң сіздердің естеріңізде бар. Біз оны Парламентте талқылаған болатынбыз. Мемлекет, жұмыс беруші және сақтандыру компаниясы арасындағы жауапкершіліктің оңтайлы теңгерімі табылған болатын. Бұл болашақта жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ аннуитеттер бойынша жинақтар үшін кепілдіктердің қосымша механизмдері қажет», - деп белгіледі ол.

 Заң жобасымен еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жұмысшылардың аннуитеттері мен зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерді  Қордың кепілді орындауы қарастырылған. «Кепілдік сақтандыру компаниясын жою кезеңінде барлық міндеттемелерді басқа компанияға беруге дейін әрекет етеді. Бұл түзетулер алушыларға өз қаражаттарын Қордан уақытылы алуға мүмкіндік береді. Сақтандыру нарығының ары қарай толық құнды дамуы үшін шарттар құру мақсатынла заң жобасы сонымен қатар басқа да түзетулерді қарастырады», - деп нақьтылады Данияр Ақышев.

Есте сала кетсек, депутаттар «Сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған

Ақпарат көзі: https://kapital.kz/economic/67263/v-kazahstane-hotyat-vvesti-dopolnitelnuyu-garantiyu-strahovyh-vyplat.html

Фотосурет көзі: http://etoday.kz

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша қандай сома төленді
«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша қандай сома төленді

Ұлттық қордың жалпы валюталық активтерінің кө...

Өмірді сақтандыру саласына тепе-теңдікті шығарып берді
Өмірді сақтандыру саласына тепе-теңдікті шығарып берді

2019 жылғы шілде айының қорытындылары бойынша а...

Жас буын өмірді сақтандыру нарығында ережелерді өзгертуде
Жас буын өмірді сақтандыру нарығында ережелерді өзгертуде

Әлемдік өмірді сақтандыру нарығы ауқымды өзге...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру