bs-preloader__icon
ru kz en

Ескендір Хасанғалиев: Қазақстандық музыканы шет елдерге насихаттау қажет

Жаңалық жолақтарының бүгінгі хедлайнерлері, сәттілік жұлдыздары жанып, кейде танымалдылық көкжиегінде өте тез сөнетін, қазіргі атақтылар. Алайда, оларға жанкүйерлер тарапынан айтарлықтай назар аударылуда, олар кейде нағыз әртістер жайлы, қазақстан қоғамының шынайы көздері, кемелділік эталоны саналатын адамдар жайлы және жас ұрпаққа үлгі бола алатындарды ұмытып кетеді.
Ескендір Хасанғалиев: Қазақстандық музыканы шет елдерге насихаттау қажет

Ескендір Хасанғалиев әндерін көптеген қазақстандықтар біледі және жақсы көреді. Оның қаламынан шыққан композициялар ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды, олар еліміздің тұрғындары шаңырақтарында әлі де қосулы тұр. 13 ақпанда Қазақстан композиторы, әншісі, Халық әртісіне, Мемлекеттік сыйлық иегеріне 78 жас болды. 

Ескендір Утегенович демалыс жайлы ойламайды – ол әлі күнге дейін ән шырқауда және жанкүйерлерді өзінің шығармашылығымен қуантуда.  Хасанғалиевтің музыкаға келер жолы ауыр болды – кезінде-ақ жас жігіт журналист болар еді, тіптен құрылысшы болып та қызмет еткен, алайда, қуанышымызға орай, оның бойындағы дарыны үлкен арман жайлы ұмыттырмады.

«Мен мектеп кезінен ән шырқайтынмын – мерейтойларда, кештерде, мерекелерде, бірақ та кәсіби әнші және композитор боламын деп ойламаған едім. 1956 жылы, 16 жаста болғанымда, мен өзіммен қатарластармен Алматыға консерваторияға түсуге келдім. Мен Ермек Серкебаев музыкаларын, әндерін өте жақсы көретінмін, үзіліссіз тыңдай алатынмын.

 Достарым журналистикаға тапсырмақшы болған, біз поездағы өткізген үш күн аралығында, мені өздерімен бірге тапсыруға көндірді, консерватория –күрделі емес деді»,- деп Ескендір Утегенович есіне алды. 

Журналистикаға балалардың бірде бірі түспеді – балдар саны жетпеді. Содан Ұзын-Ағаштағы құрылыс техникумына ондықшылар курсына баруға тура келді. Кейін Хасанғалиевті Шемалғанға мектеп құрылысына жіберді. Ол 16 жасында 40-килограмдық ерітіндіні екінші қабатқа тасығанын еске алады.

 «Қарашаның соңында мен телеграмма алдым: «Жедел үйге қайт, анаңның халі нашар». Мен келдім, ал мені анамның өзі қарсы алды. Ол уайымдаған екен. Осылайша мен үш жылға ауылда қалдым – клуб жетекшісі, мектеп-интернатта тәрбиеші, бухгалтер оқушысы болып жұмыстар жасадым. 1959 жылы тағы да консерваторияға түсуге кеттім».

Нәтижесінде Ескендір Утегенович хорлық дирижирлеуге түсті. Ыстық ықыласымен өзінің ұстазы Шарипова Надия Абдрахманованы еске алады –  бұл кісі оның әнші болу арманын жүзеге асыруға көмектесті, вокал сабақтарын жүргізген.

Әртіс өміріндегі маңызды орын атқарғандардың бірі, Ескендір Утегенович біршама әндерін арнаған адам, сүйікті әйелі. Танысу тарихы өте қызықты – жұп Қарағандыда кездескен, онда Хасанғалиев гастрольде болған, ал Дарико – медициналық оқу орынында оқып жүрген.  Кейін екеуі екі жаққа кеткен: ол – Алматыға, ал қыз – Мәскеуге, ординатураны жалғастыру үшін.

 «Дариконы мен ұмыта алмадым, төрт жыл өткеннен кейін, ҒЗИ-нің  бірінде өте сирек есімді қыз жұмыс жасайтындығын естігенде, бірден директорға келдім де онымен кездестіруді сұрадым. Ол кіріп, медициналық маскасын шешкенде, мен оны бірден таныдым. Қолынан ұстадым да, содан бері жібермедім – міне 40 жылдан аса уақыт өтті».

Хасанғалиев әйелі жайлы махаббат және нәзіктілікпен айтады, оны өзінің қорғаны дейді. Қазір жұбайы – тек өмір серігі ғана емес, сондай-ақ  Ескендір Утегеновичтің продюссері. Әртістің балалары да бар – екі қызы және ұлы.

Әңгіменің арасында, Биржан Хасанғалиев соңғы уақыттарға дейін әкесімен бірге өнер көрсетті – деп Ескендір Хасанғалиевич айтады, шамамен 20 жыл бойы әкесі және баласы дуэт болып ән шырқады. Қазір Біржан Ескендірович Чайковский атындағы Алматы музыка колледжін басқарып отыр, мемлекеттік марапаттары да бар және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

 «Ол таңнан кешке дейін, жұмысқа толықтай беріліп, қызмет атқарса да, мен оны материалды жағынан қолдауға тырысамын, себебі әлі күнге дейін саханадамын және  қаламақы аламын», - деп жауап берді мэтр.

Ескендір Утегеновичтің өзі ән салуын жалғастыруда. Келер жылы өзінің, көп көлемде отанға деген махаббатына арналған, шығармашылық жолының 60 жылдығын атап өтеді. Әртіс өзекті мәселелерді де ойлауда.

 «Мен әрқашанда да ертеңгі күнді ойлауға тырысатынмын – маған, отбасыма  не болар екен? Артқа көз жүгірте отырып, айтатыным, жинақтамаларды құру, сақтау және көбейту, оларды дұрыс және сауатты басқара білу өте маңызды.

Мысалы, мен жас болмасам да, долларлардағы депозит бойынша (АҚШ долларына байланысты индекстелінетін «Золото Номадов» бағдарламасы бойынша өмірді жинақтамалық сақтандыру – Ред.ескер) «НОМАД LIFE» ірі асқтандыру компаниясының клиенті болып табыламын, себебі банктердегі депозиттер бойынша табыстар азаюда. Бұл зейнетақылық аннуитеттер тәрізді, қоғамдағы дұрыс тенденциялар, адамның бүкіл өміріне ауқаттылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп баяндады әртіс.

Болашақ жайлы, балалар және немерелер жайлы қамқорлық Ескендір Утегенович үшін өте маңызды екендігін айта өтейік. Себебі отбасы құндылықтары әрқашанда Хаснғалиевте ең бастылары.

 «Біз бүкіл отбасымызбен түскі асқа немесе таңғы асқа жиналамыз. Өздеріміздің шығармашылығымыз, жоспарларымыз жайлы айтамыз, жай ғана әңгімелесеміз. Өз балаларыма ата-анамнан алған өсиеттерімді беремін. Олар айтушы еді: «Ішпе, дауысыңды сақта, ешкіммен ұрсыспа». Менің балаларым мені тыңдайды, қағидаларды ұстанады – үлкендерді және кішілерді сыйлау, өз отанын, дәстүрлерін сүю», - дейді композитор.

Отанға деген махаббат – әртіс шығармашылығының басты тақырыптарының бірі. Ол жас орындаушыларға да өз елін сүю тілегін айтады.

 «Үлкендерге деген құрмет, отанға, өз жеріңі деген махаббат маңызды екндігі сөзсіз. Ағылшын тілін үйреніп алуға, шет елде білім алуға болады, алайда барлығы да өз отаныңа, өз республикаңа пайда келтіруі керек. Жас орындаушылар шет ел әндерін шырқайтыны да бар. Біздің әндер олардан нашар ма еді. Мен бұл мәселеге келгенде принципшілмін. Мен әндерді қазақ және орыс тілдерінде жазамын – біздің музыканттар оларды шет елдерге насихаттауы үшін ағылшын тіліне аудару қажет. Өз отанымызды, өз музыкамызды, өз жерімізді сүйейік»,- деп қорытындылады ЕскендірУтегенович.

Дерек көзіhttps://www.nur.kz/1718015-eskendir-hasangaliev-nado-propagandirovat-kazahstanskuu-muzyku-za-rubezom.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетке шығу күнін таңдау ережелері
Зейнетке шығу күнін таңдау ережелері

Қартаюшы халық мәселесі – бұл барлық өнеркәсі...

Қай қазақстандықтарды кедей кәрілік күтпейді
Қай қазақстандықтарды кедей кәрілік күтпейді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары Алмат...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру