bs-preloader__icon
ru kz en

АҚШ-тың сақтандырушылары қандай себептермен өмірді сақтандыру полистері бойынша төлемдерден бас тартуда

АҚШ-та өмірді сақтандыру бойынша компаниялар (ӨСК) сақтандыру жағдайы орын алған кезде төлемдерден өте сирек бас тартады. PRNewswire бас тартудың жиі кең таралған себептерін қарастырды.
АҚШ-тың сақтандырушылары қандай себептермен өмірді сақтандыру полистері бойынша төлемдерден бас тартуда

Денсаулық туралы жасырын ақпарат

Егер сақтандырылушы ӨСК-ден қандай да бір ауруларын жасырса, онда бенефициарлар төлемдерден айырылуы мүмкін, сол себепті сақтандырушымен шыншыл болу өте маңызды.

Жарналарды төлеуден бас тарту

Сақтандыру жарналарын төлеу полистің белсенділігін қолдайды. Егер ӨСК-ның клиенті бір айды болсын өткізіп алса, сақтандырушы толық төлемнен бас тартуға құқылы.

Бұрынғы жұбайы немесе зайыбы бенефициар ретінде есепте болса

Штаттардың көбі бұрынғы жұбайы немесе зайыбына ажырасқаннан кейін өмірді сақтандыру полистерін қолдануға тыйым салушы заңдарды қабылдады. Егер неке шартында нақты ережелер болмаса, бұрынғы жұбайды/зайыпты бенефициар ретінде тағайындау автоматты түрде жарамсыз болып танылуы мүмкін.

Соңғы сәтте бенефициарды ауыстыру

Штаттардың көбісінде егер полистің иеленушісіне әлдекім қысым көрсетсе немесе ол өз іс-әрекетіне жауап беремесе, бенефициарды тағайындауды даулауға рұқсат берілген.

Өмірді сақтандыру полистері бойынша шағымдарды қарау үдерістері күрделі болуы мүмкін, және кез-келген қателік шағымды заңсыз қабыл алмауға әкелуі мүмкін. Сол үшін, кез-келген қаржылық мәмілелерді жасасу кезінде құжаттарды мұқият зерделеу қажет.

Дереккөзі: https://www.prnewswire.com/news-releases/5-reasons-why-your-life-insurance-claim-may-be-denied-and-how-to-stop-it-301189808.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық асырауда болудан арылу керек
Қаржылық асырауда болудан арылу керек

Өмір сақтандыру компаниялары халықтың қаржыл...

Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты
Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты

Кардиолог Дмитрий Напалков жүрек-қан тамырлар...

Қартайған шаққа бес миллион долларды қалай жинаймыз
Қартайған шаққа бес миллион долларды қалай жинаймыз

Аннуитеттер күрделі болуы мүмкін, оларды қаже...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру