bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда сақтандыру терминалдары пайда болады

«Фридом Финанс» қазақстандықтарға сақтандырудың балама тәсілін ұсынады, деп хабарлайды lsm.kz.
Қазақстанда сақтандыру терминалдары пайда болады

Сақтандыру терминалдары Қазақстанда жуырдағы бір жарым айдың ішінде пайда болуы мүмкін. Осы жөнінде LS корреспондентіне Freedom Finance Insurance директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов хабарлады.

Оның сөзінше, осы интерфейс қазақстандықтарға өздігінен сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндік береді.

"Осындай қоспалы модельдерді құру агенттерді қажет етпейтін өзіне-өзі қызмет көрсету болып табылады. Мен нарықта белгілі бір орынға ие бола аламыз дегенге сенімдімін, өйткені халықтың шамамен 5% жаңа технологияларды қуана-қуана сынап көреді. Алайда көп бөлігі консерваторлық әдістерді таңдайды. Дегенмен, нарықтың келесі кезеңге өтуін тездету қажет екенін түсіну қажет. Өткен жылы қағаз жүзінде сақтандыру дәуірі біткен, енді нарық электронды пішімге талпыныс жасауда ", – деп хабарлады.

Турлов айтуынша, бірінші кезеңде сақтандыру терминалдары бірнеше жерге: арнайы авто-ХҚКО ғимаратында, автомобильді бірінші рет тіркеу орындарында және бизнес-орталықтарда орнатылатын болады.

«Freedom Finance Insurance компаниясының модельдері клиенттің жеке куәлігін сканерден өткізуге және оқуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда төлем ретінде қолма-қол ақша ғана емес, сонымен қатар банк карталары да қабылданады. Сондай-ақ, қолма-қол ақшамен төлей отырып немесе электронды әмиянның көмегімен полистерді Qiwi-терминалдарда сатып алуға болады. Бұл жағдайда өнімді төлегені үшін ешқандай комиссия қарастырылмаған. Полис бланкіде беріледі, ал көшірмесі электронды түрде деректердің бірыңғай базасына келіп түседі", – деп түсіндірді.

Турлов көрсетілген терминалдар жуық арада пайда болатынын атап өтті.

«Біздің компаниямыздың гибридті модельдері Ұлттық Банктен сақтандырудың міндетті кластарына берілетін лицензия қолымызға тиген мезеттен ақ іске қосылатын болады. Бұл екі аптаға созылады деп ойлаймын, мүмкін жазға дейін болатын шығар. Алайда, іске қосу осы жақын уақытта жүзеге асады дегенге үміттенеміз. Qiwi-терминалдарға келетін болсақ, онда бізде барлығы дайын. Интеграция өткізілді және тесттік режимді барлығы жұмыс істейді. Қызметтерді іске қосу лицензияны алғаннан кейін үш-төрт күн ішінде іске асады», – деп ерекше атап өтті.

Бірінші кезеңде терминалдарда моноөнімдер, атап айтқанда, моторлық сақтандыру беріледі деп, сұхбаттаушы қосып айтты.

Одан басқа, ол клиент полисті терминал арқылы өздігінен сатып алған кезде қол жеткізетін артықшылықтар жөнінде де айтты.

«Мысалы, аппарат ақпараттың аз көлемін сұрайды (телефон немесе ЖСН), 24/7 режимінде жұмыс істейді, өңірлерде қолжетімді. Қоңырау шалып, агентті күтіп, тағы тағысын жасаудың қажеті жоқ. Құжатты рәсімдеу қысқа уақыттың ішінде жүзеге асырылады» – деп түйіндеді.

Дереккөз: https://lsm.kz/strahovye-terminaly
Фото ашық көздерден алынды. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру