bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам

Коронавирус пандемиясының әсері бүткіл қаржы нарығына тиді, сонымен қатар, сақтандыруға да әсер етті – тіпті сақтанушылардың тәртібі өзгерді. Дегенмен, барлық сақтандыру компаниялар бұл күрделі кезеңнен абыроймен шықты.
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам

Сақтандырушылар жұмыс істеудің жаңа талаптарына сәтті бейімделді. Сонымен, Nomad Life-та сақтандыру шарттарын жеңілдетуге, әрбір ықтимал клиентке түсінікті және қолжетімді, әмбебап өнімдерді әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. «Біздің компаниямызда өмірді сақтандыру бағдарламаларының дистрибуциясына әдіс қайта қаралды. Тікелей сатуларды алға жылжытуға көңіл бөлінді. Бұл клиенттермен қарым-қатынастың сапасын жоғарылатты және сақтандыру шарттарын рәсімдеу және шығарудың шығындарын төмендетті, оның арқасында сақтандыру бағдарламалары адамдар үшін қаржылық көзқарас тұрғысынан анағұрлым қызықты болуда. Сонымен қатар, біз автоматтандыру, бизнес-процестердің сапасын жоғарылатуға, клиенттермен бірінші байланыс сәтінен бастап сақтандыру шартына қол қойғанға дейін онлайн-шешімдерді енгізуге ерекше көңіл бөліп жатырмыз», - дейді «Nomad Life» ӨСК-нің Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

Сентрас Коммеск Life-та пандемия адамдарға өмірді сақтандыру маңыздылығын ұғынуға көмектесті деген сенімде. «Адамдардың көпшілігі ұзақ мерзімді жинақтаушы өнімдерге қызығушылық таныта бастады. Бұдан бөлек, Covid 19-дан емделуді, оның ішінде аурханаға жатқызудың, сондай-ақ шартпен белгіленген шекте медициналық мекемелерде медициналық қызметтердің және дәрі-дәрмектің нақты шығындарының өтелімімен өмірді сақтандыру өнімдері пайда болды. Онлайн-сатуларға келетін болсақ, бұл канал әзірге тек қана пысықталуда, себебі өмірді сақтандыру өнімінің өзі көптеген күрделі тәуекелдерді бір қалыпқа салу қиын болатын жеке тәсілді білдіреді», - деп нақтылайды «Сентрас Коммеск Life»  ӨСК-нің Басқарма Төрайымы Гүлжан Джаксымбетова.

Өмірді жинақтаушы сақтандыруды танымал ету салық жеңілдіктерін алу мүмкіншілігіне ықпал етті. «Бұл былай жүзеге асады: клиент айлық (немесе кез-келген басқа табыс) алған кезде ол 10% ЖТС төлейді. Бірақ ӨЖС шартымен ол ЖТС-ны ішінара төлемеуіне болады, ал «үнемделген» соманы айлықпен бірге алады. Мысалы, егер ӨЖС шарты бойынша жыл бойы клиент 933 000 теңге төлесе, онда соңында оған 93 000 теңге сомада ЖТС төлемеуіне болады», - түсіндірді «Freedom Finance Life» ӨСК-нің Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов.

Егер ӨЖС шарты бойынша сақтанушы көбірек төлесе, онда салық шегерімі бәрібір – төленген сомадан 320 АЕК дейін есептелетін болады. Бұл ретте әр жылы бұл сома ұлғаятын болады, өйткені АЕК өседі. «Бұдан бөлек, сақтандыру төлемін алған кезде жеке тұлға сақтандыру сыйлықақыларын өз пайдасына және (немесе) жақын туыстардың, және (немесе) жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жеке табыс салығын ұстап қалу жоқ», - деп нақтылайды «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.

Өнімдер

Бүгінгі күні жинақтаушы өнімдер тиянақталған кірістілігі бар құралдармен (мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік облигациялар) қамтамасыз етілетін, клиенттер үшін кіріктірілген кепілдіктерді құрайды. «Банк секторында төмен мөлшерлемелердің аясында адамдардың көбісі сақтандыру өнімдерін таңдауда. Сонымен, орташа есеппен нарық бойынша валюта бағамына өзгеріске байластырумен сақтандыру шарты сақтандыру мерзіміне байланысты 3,41%-дан бастап 4%-ға дейін кепілдендірілген кірістілікті ұсынады. Жоғары табыстылықты сақтандырушылар сауатты инвестициялық стратегиялардың есебінен қамтамасыз етеді», - дейді Гүлжан Джаксымбетова.

Сақтандырушылар өнімдер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ашуға, атап айтқанда, полис бойынша табыстың мөлшері олардың құнының динамикасына тәуелді болатын активтердің тізбесін көрсетуге міндетті. ««ZOLOTO NOMADOV Invest» өмірді инвестициялық сақтандырудың сақтандыру бөлігінің табыстылығы (бағдарлама бойынша клиенттердің салымдары екі бөлікке бөлінеді: сақтандыру және инвестициялық) полистің мерзімдеріне байланысты валютада 3,41%-ға дейін құрайды, - деп, мысал келтіреді Қайрат Чегебаев. – Өнімнің инвестициялық бөлігінің табыстылығы клиент таңдаған инвестициялық портфельдерге байланысты. Мысалға, біздің «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» инвестициялық портфеліміз іске қосылғаннан кейін, ал нақты 2020 жылғы 1 қарашадан бастап портфель 23,94%-ға өсті».

Жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары әдетте айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды, бірақ өткен жылы елде unit-linked – инвестициялық сақтандыру жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда ӨСК клиенттерге сақтандыру қорғанысын ғана емес, сонымен қатар, инвестициялау мүмкіндігін ұсынады. «Бұл бағдарлама мүмкін болашақта банк депозитіне жақсы балама болады. Андеррайтингке талаптар да өзгерістерге ұшырауда, себебі өткен жылы жағдай дүниежүзілік ауқымда да және қазақстандық нарықта да өзгерді. Біздің шетелдік серіктестеріміз сақтандыруға қабылдау кезінде қосымша сұрақтарды қосып, өмірді сақтандыру бойынша андеррайтингке талаптарды қатаңдатты», - дейді Виталий Любимов.

Freedom Finance Life өз өнімдерінің қаржылық тартымдылығына көңіл бөлді. Осылайша, «Freedom Capital» бағдарламасы бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі долларда 4%-ға дейін және еврода 1,5%-ға дейін өсті. «Мөлшерлеменің жоғарылауы жинақтаушы сақтандыруды сыйақысы 1%-дан аспайтын банк депозитінен анағұрлым табысты етті. Банктерден ерекшелігі сақтандырушылар қарыздар бермейді, сол себепті олардың проблемалық активтері жоқ. Еске салайын, біздің елімізде банктердің көбісі дәл осы нашар кредиттік портфель үшін жабылған. Демек, біз клиенттеріміз үшін анағұрлым көп табыс табамыз, ал тәуекелдер біздің нарықта бірнеше есеге аз», - деп қорытындылады Азамат Ердесов.  

Сурет: pixabay.com

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Халык-Life» ӨСК алты айда сыйлықақылардың 59,4 млрд теңгесін жинады
«Халык-Life» ӨСК алты айда сыйлықақылардың 59,4 млрд теңгесін жинады

2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Халык-L...

Зейнетақы жинақтары үшін үш негізгі тәуекел аталды
Зейнетақы жинақтары үшін үш негізгі тәуекел аталды

Тиімді зейнетақы жоспарын құру клиенттің және...

Freedom Finance Life COVID-19-дан қорғаумен туристік сақтандыруды әзірледі
Freedom Finance Life COVID-19-дан қорғаумен туристік сақтандыруды әзірледі

Freedom Finance Life «Freedom Travel + Corona» коронавирустен қор...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру