bs-preloader__icon
ru kz en

Медианалық жалақы дегеніміз не

Сарапшылар, сонымен қатар қарапайым қазақстандықтар кеңінен танымал және күнделікті қолданылатын ел халқының орташа жалақы көрсеткіші азаматтар табысының нақты көрінісін нашар көрсететінін біледі. Айтпақшы, XX аяғында-ақ экономисттер күнделікті тіршілікке неғұрлым нақты басқа көрсеткіштерді енгізді. Олардың бірі медиана жалақысы болып табылады. Бұл жерде біз медиалды жалақы дегеніміз не, оны қалай есептейтінін және жалақының басқа түрлерінен немен ерекшеленетінін айтамыз.
Медианалық жалақы дегеніміз не

Орташа жалақы көрсеткіші ең үлкенінен бастап ең азына дейін төлемдердің барлығын қосу және осы соманы жұмыскерлер санына бөлу жолымен есептеледі. Нәтижесінде тәжірибеде жеке азаматтар мен халық топтарына шартты түрде ғана нақты жұмыс табыстарына қатысы бар абстракт шама шығады.

Медианалық жалақы – қазақстандықтардың орташа жалақы түрлерінің бірі. Медианалық жалақы төлемі цифрі елдегі жұмыскерлердің 50%-ы азырақ, ал 50%-ы – одан көбірек алатынын білдіреді. Осыдан, неліктен көптеген мамандар медианалық жалақыны нақты орташа жалақы деп есептейтіні түсінікті – ол біздің еліміздің орташа статистикалық азаматына тиесілі және орташа арифметикалық жалақыға қарағанда экономикалық реалийді жақсырақ көрсетеді.

«Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салық пен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Медиана жалақысы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және сол мөлшерді тең екіге бөлетін (одан көп және аз) жалақы мөлшері» – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Мысал:

Компанияның штат құрамы – бес адам. Басшы айына 600 мың теңге алады, басқа қызметкерлердің айлығы: 450 мың, 200 мың, 170 мың, 150 мың теңге. Бұл жерде жалақының медианалық мәні – 200 мың теңге, себебі екі қызметкер көбірек (600 және 450 мың теңге), ал екеуі азырақ (170 және 150 мың теңге) алады.

Қазақстанда атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы ІI тоқсанда 312 мың теңгеден асты. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні 196 728 теңгені құрады.

«Медианалық жалақыны халықтың жалақыларының неғұрлым шынайы көрсеткіші деп санайды, ол елде жағдайды бағалау және қоғамда табыстар тұрғысынан әлеуметтік теңсіздік қаншалықты көрініс тапқанын түсіну мүмкіндігін береді. Бұл соманы біле отырып, азаматтардың өмір деңгейіне қатысты ағымдағы жағдайды бағалауға және одан әрі дамуға болжамды құруға болады. Медианалық жалақының көмегімен еңбек нарығында қандай проблемалар барын анықтауға болады. Мысалы, оны сатып алушылар сұранысының маркетинг зерттеулерінде және бизнесті дамыту болжамына пайдаланады», - деп түсіндіреді сарапшы Руслан Сүндетов.

Егер белгілі бір өңірде қандай-да бір нақты кезеңге медиана жалақысын талдауды қарастырса, онда Қазақстанның қандай қалалары немесе облыстары қиыншылық сезініп жатқанын түсінуге болады. Сонымен қатар мұның барлығын ел масштабтарында ғана емес, сондай-ақ экономиканың жеке салаларын талдау үшін қолдануға болады.

Дереккөзі: https://prodengi.kz/post/cto-takoe-mediannaya-zarplata

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда депозиттік база қысқарды
Қазақстанда депозиттік база қысқарды

HALYK FINANCE инвестициялық компаниясы елдің банк с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру