bs-preloader__icon
ru kz en

2021 жылдың наурызында екі ірі ӨСК сыйлықақылар бойынша жеке рекордтарын жаңартты

Жинақтардың жоғары динамикасын өмірді сақтандыру нарығының шамамен барлық сегменттері көрсетті
2021 жылдың наурызында екі ірі ӨСК сыйлықақылар бойынша жеке рекордтарын жаңартты

2021 жылдың наурызында ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары ақпан айына ұқсас сыйлықақылардың жылдық динамикасын көрсетіп, өзіндік рекорд жасады. Ақпан мен наурызда да сыйлықақылардың өсімі 2020 жылғы ұқсас кезеңге 79,8%-ды құрады. Айырмашылық – жинақталған сомаларда. Наурыз айының қорытындысы бойынша ӨСК-нің жиынтық сыйлықақылары 89,8 млрд теңгені құрады. Жалпы жинақтар сомасы бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК қалады. Өмірді сақтандыру саласында компанияның нарықтағы үлесі 31,8%-ды немесе абсолюттік көріністе 28,6 млрд теңгені құрады. Жинақталған сыйлықақылардан басқа компания ӨСК арасында активтер мөлшері (214,2 млрд теңге), сақтандыру резервтері (160,1 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (2,66 млрд теңге) бойынша көш бастап келеді. Сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша «Nomad Life» ӨСК  - ҚР бүткіл сақтандыру нарығында көшбасшы.
Наурыздың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру өмірді сақтандыру нарығының басты қозғаушы күші болып қалуды жалғастыруда. 2021 жылдың наурызында аннуитеттер бойынша сыйлықақылар 202,9%-ға (жылдан жылға) зейнетақы аннуитеттерінің қатты өсімі арқасында, 43,5 млрд теңгеге жетіп, 188%-ға өсті. Ақшалай көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша жинақтар 41,9 млрд теңгені немесе ӨСК жиынтық портфелінен 48,5%-ды құрады. Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйлықақыларды жинайтын барлық компаниялар сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті.
Аннуитеттік сақтандыру секторының және зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК қалады. Наурыз айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелінің көлемі 15,2 млрд теңгені, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 15 млрд теңгені құрады. Компания аннуиеттер сегментінде ӨСК арасында бірінші болып 15 млрд теңгеден жоғары портфель жинады. 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша «Nomad Life» ӨСК зейнетақы аннуитеттері сегментінде 35%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 35,8%-ды алады. Аннуитеттік портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алады. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 11,2 млрд теңгесін, соның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 10,4 млрд теңге жинады. Және тиісінше аннуитеттік сақтандыру сегментінің 25,7%-ын және зейнетақы аннуитеттері сегментінің 25%-ын алады. Үшінші орынға «Freedom Finance Life» ӨСК орнықты. ӨСК сыйлықақылардың 5,9 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 5,8 млрд теңгесін жинады. Осындай жақсы жинақтар «Freedom Finance Life» ӨСК-ге аннуитеттік сақтандыру сегментінің 13,7%-ын, соның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінің 14%-ын алуға мүмкіндік берді.
«Жұмыс берушінің жауапкершілігі аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық көріністе 26,3%-ға өсті. Алайда жылдық көріністе сыйлықақылардың наурыздық динамикасы ақпанның жылдық динамикасынан төмен болып шықты, ол кезде еске салсақ, сыйлықақылар 56,6%-ға өскен. Айта кетейік, аннуитеттердің осы сегментінде сыйлықақылардың жылдық динамикасы үш ай қатарынан төмендеуде. Алайда, түсім ӨСК-ге 1,1 млрд теңге жиынтық портфельді жинауға кедергі болған жоқ.
ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. 2021 жылдың наурызында ол сегменттің 46,8%-ын алып, сыйлықақылардың 518,8 млн теңгесін жинады. Екінші орынды «Nomad Life» ӨСК алып отыр. ЖЖА сегментінде оның сыйлықақылар портфелі 210,2 млн теңгеге дейін, ал сегменттің нарықтық үлесі 18,9%-ға дейін өсті. Үшінші орында «KM Life» ӨСК. Ол сыйлықақылардың 132 млн теңгесін жинады, алайда, ЖЖА сегментінде оның нарықтық үлесі 11,9%-ға дейін төмендеді. Қалған ӨСК-лердің белсенділігінің артуы есебінен ЖЖА сегментінде көшбасшы-үштіктің үлесі 2021 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша 80,8%-дан 77,6%-ға дейін түсті.

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті наурызда 554,7 млн теңге жинап, 33,9%-ға (жылдан жылға) айтарлықтай жоғары динамиканы көрсетті. Наурыздың қорытындысы бойынша сегменттің 52% үлесін алып, 288,6 млн теңге ең ірі портфельге «KM Life» ӨСК ие. «Halyk life» ӨСК сыйлықақылардың 225,6 млн теңгесін тартты және нарықтық үлесін 40,7%-ға дейін ұлғайтты. Сегментте үшінші ірі сақтандырушы «Nomad Life» ӨСК 31,4 млн теңге тартты және сегменттің 5,7%-ын алады. «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегментінде сақтандырушылардың ірі үштігі сыйлықақылардың 98,4%-ын жинайды. 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар 32,6 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы ұқсас кезеңнің қорытындыларына 47,5%-ға өсті. Жоғары динамика өмірді сақтандыру бойынша портфельге ӨСК (2021 жылғы қаңтар-ақпанда өмірді сақтандыру ӨСК жиынтық сыйлықақыларының 28,6%-ын алған) жиынтық портфелінде 36,3%-ды алуға мүмкіндік берді. Сегментте бәсекелестік өте күшті болып қалады. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақыларды жинайтын сегіз ӨСК-ден, төртеуі жинауда түсімді, тағы төртеуі – өсімді көрсетті, бұл ретте олардың өсімі нарық өсімінің қарқынынан жоғары болып шықты.
Наурыз айының қорытындысы бойынша сегменттің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК қалады. Ол өмірді сақтандыруда ӨСК-лерден бірінші болып осы межені асып түсіп, сыйлықақылардың 14 млрд теңгесін жинады және нарықтық үлесін 42,9%-ға дейін ұлғайтты. Екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК, ол 10,8 млрд теңге жинады және өмірді сақтандыру сегментінің 33,3%-ын алады.
«Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ӨСК портфелін 5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бірақ бәрбір өмірді сақтандыру сегментінде оның нарықтық үлесі қысқаруды жалғастыруда және наурыздың қорытындысы бойынша 15,4%-ды құрады.  
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша (ЖО) сыйлықақылар 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша ақпандағы 120,1% жылдық өсімге қарсы 14,7% жылдық өсімді көрсетіп, қарқынын кенет бәсеңдетті. Наурыздың қорытындысы бойынша сыйлықақылар ақшалай көріністе ақпанның қорытындысы бойынша 4 млрд теңгеге қарсы 4,9 млрд теңгені құрады.
Сегментке серпінді қайтадан «KM Life» ӨСК беріп отырды. Наурыздың қорытындысы бойынша ол ақпандағыдай сыйлықақылардың 2,5 млрд теңгесін жинады. Әлсіз жинақтар ӨСК бөлігінде жиналатын ЖО-дан сақтандыру бойынша сыйлықақыларда ӨСК үлесін 2021 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша 62,9%-дан 51,5%-ға дейін түсірді.  Екінші орында «Freedom Finance Life» ӨСК қалады. Наурызда осы сегментте компанияның жинақтары 853,6 млн теңгеге дейін өсті. Бұл ӨСК-ге 2021 жылғы ақпандағы 11%-дан 17,3%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша үшінші позицияны ЕСК ӨСК сақтап отыр. Ол сыйлықақылардың 655,3 млн теңгесін жинады, сол арқылы 2021 жылғы ақпандағы 9,7%-дан 13,3%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін ұлғайтты.
2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша «Қызметкер еңбек міндеттерін атқару барысында оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар алғашқы рет 8 млрд теңгеден асып, 2020 жылдың ұқсас қорытындысына 3,1%-ға үлкен емес өсімді көрсетіп, түсім аймағынан шықты. ЖОМС сегментінің ауыспайтын көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Абсолюттық көріністе ӨСК портфелі сегменттің 29,7%-ын алып, 2,3 млрд теңгеден асып түсті. Екінші орында «Halyk life» ӨСК, оның портфелі 1,7 млрд теңгеге дейін өсті және сегментте 21,7%-ды алады.
ЖОМС сегментінде үшінші орынға қатты күрес жүріп жатыр. Наурыздың қорытындысы бойынша жүлдергерлердің үштігіне сыйлықақылардың 1,11 млрд теңгесін жинаған «Standard Life» ӨСК шықты, бұл оған ЖОМС сегментінің 13,9%-ын алуға мүмкіндік берді. Одан әрі жинаңқы «Freedom Finance Life» ӨСК (сыйлықақылар 1,01 млрд теңгені құрады, нарықтың үлесі 12,7%) және «Евразия» ӨСК (сыйлықақылар 983 млн теңге, нарықтың үлесі 12,3%-ға дейін түсті) келеді. 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша ЖОМС сегментінде екі ірі сақтандырушылардың үлесі 2020 жылғы наурыздағы 62,4%-ға қарсы 51,4%-ға дейін қысқарды.

Бірақ егер 2021 жылғы наурыз бен ақпанның қорытындыларын салыстырса, сегментте ірі ӨСК-лердің үлесі сол қалпы 51%-дан асады. ӨСК бөлігінде ауыру жағдайына сақтандыру бойынша сыйлықақылар (ЕМС) 2021 жылғы наурызда 680,6 млн теңгеге дейін, 7,3%-ға өсті.  Сегментте ең ірі сақтандырушы «KM Life» ӨСК болып қалады. Наурызда ӨСК сыйлықақылары 644,8 млн теңгеге дейін өсті, бірақ сегментте үлесі басқа ӨСК белсенділігінің есебінен 94,7%-ға дейін төмендеді. Сегментте сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды алатын ЕСК ӨСК-нің сыйлықақылары 28,4 млн теңгеге дейін, ал үлесі 4,2%-ға дейін өсті. Сегментте үшінші орынды «Freedom Finance Life» ӨСК алады. Ол сыйлықақылардың 4,2 млн теңгесін тартты және сегменттің 0,6%-ын алады.
2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 638,7 млрд теңгеге дейін 30,9%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 458,3 млрд теңгеге дейін 28,9%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 119,4 млрд теңгеге дейін, 42,1%-ға (жылдан жылға) өсті.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР өмірді сақтандыру төлемдері 80%-ға артты
ҚР өмірді сақтандыру төлемдері 80%-ға артты

2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында өмірді сақтан...

Зейнетақы қорлары табыстылыққа назар аударуы тиіс
Зейнетақы қорлары табыстылыққа назар аударуы тиіс

Нью-Мексико штатының Зейнетақы қорлары (ЗҚ) жө...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру