Сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті. Бірінші жағдайда заң сақтандыруды міндеттейді. Сақтандырудың бұл түріне автомобиль иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру және т.б. жатады. Екіншісінде - ерікті, онда сақтандыру ерікті негізде сатып алынады. Мысалы, мүлікті немесе денсаулықты сақтандыру.
Сақтандырушыны қалай таңдауға болады?
Сақтандыру компаниясын таңдағанда лицензияның болуына назар аудару қажет. Сақтандыру компаниясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензия болған жағдайда ғана жұмыс істеуге құқылы.
Компанияны таңдағанда, тарифтерге назар аударыңыз. Бұл сіздің полисіңіздің құнына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің бірі. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Ерікті – сақтандыру шарты бойынша. Бұл жағдайда сіз полистің болжамды құнын өзіңіз есептей аласыз - сақтандыру компаниясының сайтында.
Сақтандыру компаниясына қатысты қолданылған шаралардың және (немесе) санкциялардың болуына ерекше мән беріңіз, олар туралы ақпарат реттеушінің ресми интернет-ресурсында қолжетімді.
Сақтандыру компаниясының қызметі туралы толық ақпарат орналастырылған интернет-ресурсымен танысыңыз. Сақтандыру компанияларының ресми интернет-ресурстарына сілтеме реттеушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Сондай-ақ, сақтандыру ұйымдары, кез келген акционерлік қоғам сияқты, өздерінің қаржылық есептілігін қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында үнемі жариялайды.
Дереккөз: https://fingramota.kz/ru/news/post/strahovka-na-raznye-sluchai-zhizni
Ашық дереккөздерден алынған сурет