Мамыр айының қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру саласы ӨСК жиынтық портфельінде алдыңғы қатарға шықты. Өмірді сақтандыру бойынша жинақтар былтырғы жылдың қорытындылары бойынша 42,5%-ға дейін, 26,4 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттік сақтандыру 2,7 есе, 28,4 млрд теңгеге дейін өсіп, ӨСК сыйлықақылары құрылымында басым орынға ие. Үлескерлік қатынаста өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар ӨСК портфельінің 37%, ал аннуитеттік сақтандыру бойынша – 39,9% құрайды.
ӨСК тұрғысында өмірді сақтандыру бойынша едәуір үлкен өсімін кішігірім компаниялар көрсете білді. «Standard Life» ӨСК 351 млн теңгені жинап, 2750,9%-ға артық максималды динамиканы көрсете білді. Ол өмірді сақтандыру нарығының 1,3%-ын және ӨСК арасында 32,3 млрд теңге құрайтын активтердің мөлшері бойынша төртінші позицияны иеленіп отыр. Мамырдың қорытындылары бойынша «Standard Life» ӨСК сыйлықақылардың динамикасын төмендетті, сәуір айында жылдық көрсеткіші бойынша өсім 3796,6%-ды құраған еді. Соның салдарынан өмірді сақтандырудағы нарықтық үлес және бұл ӨСК-ның активтерінің мөлшері бір шама қысқарды.
Мемлекеттік аннуитеттік компания (МАК), ӨСК активтері бойынша үшінші орынды иеленді (36 млрд теңге), ол 1,7 млн теңгені жинап, сыйлықақыларды 560,5%-ға ұлғайтты. Сондай-ақ компания сыйлықақылардың динамикасының төмендетілуінен де құтыла алмады. Сәуірде жылдық көрсеткіші бойынша МАК өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылары 599,2%-ға өсті.
«Freedom Finance Life» ӨСК, активтер бойынша алтыншы орынға шыққан сақтандырушы (11,5 млрд теңге) 517,5 млн теңгені жинап, 367,3%-ға өсуін көрсетті. Компания сыйлықақылардың динамикасын ұлғайтты: сәуір айының қорытындылары бойынша жылдық көрсеткішінің динамикасы 308,4%-ды құраған еді. Бұл ӨСК өмірді сақтандыру нарығының 2% иеленіп отыр.
109,5 млрд теңгеге тең активтер бойынша екінші орындағы «Nomad Life» ӨСК сыйлықақылардың үш таңбалы 153,7%-ға 5,4 млрд теңгеге дейін өсуін көрсетті, өмірді сақтандыру нарығының 20,3% иеленіп отыр.
«Еуропалық сақтандыру компаниясы» (ЕСК) өмірді сақтандыру бойынша 7,8 млрд теңгені жинақтап, 43,5%-ға дейін өсті. 14,2 млрд теңгеге тең активтер бойынша бесінші сақтандырушы өмірді сақтандыру нарығының 29,7% иеленіп отыр.
151 млрд теңгеге тең активтер бойынша ең ірі «Halyk life» ӨСК сыйлықақылардың 12,4 млрд теңге жинап алды, бұл былтырғы жылғы қорытындыларынан 24,5%-ға артық болды, алайда бұл нәтиже өмірді сақтандыру нарығының өсу қарқынының төмен болды. «Halyk life» ӨСК өмірді сақтандыру нарығының 46,7% иеленіп отыр. Бұрынғыша өмірді сақтандыру нарығының 96%-дан артық көлемін ең ірі ӨСК үштігі: «Halyk life», «ЕСК» және «Nomad Life» иеленіп отыр.
Мамыр айының қорытындылары бойынша аннуитеттер life-сақтандырудың ең динамикалық түрі болып қалуда. Сыйлықақылар былтырғы жылғы қорытындыларына қарай 173%-ға, 10,4 млрд теңгеден 28,4 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттердің негізгі көлемін мамыр айында 232,7%-ға өскен (сәуір айының қорытындылары бойынша 173,4%, жылдан жылға) зейнетақы аннуитеттері құрайды. Ақшалай көрсеткішімен зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылары 9,4 млрд теңгеге артып, 25,9 млрд теңгеге дейін өсті.
«Жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеттері» сыныбы бойынша шарттар динамикасын төмендете келе 5,9%-ға артып, 1,9 млрд теңгеге дейін өсті, сәуір айының қорытындылары бойынша (жылдан жылға) бұл өсім 9,1% деңгейінде болды.
Аннуитеттік сақтандыруда зейнетақы аннуитеті және жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеті бойынша көшбасшы болып «Nomad Life» ӨСК қалуда. Мамыр айында жоғарыда аталған сақтандырудың сыныптары бойынша компанияның сыйлықақыларының динамикасы 169,7%-ға және 228,4%-ға нарық өсуінің қарқынынан төмен болды, ал жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеттері бойынша тіптен теріс (минус 10%) көрсеткішті көрсетті. Дегенмен компания абсолюттік мәнде сәйкесінше 13,3 млрд теңге, 12,2 млрд теңге және 853 млн теңге жинап, максималды нәтижені көрсете білді.
Мамыр айының қорытындылары бойынша «Nomad Life» ӨСК аннуитеттік сақтандыру бойынша үлесін 46,8%-ға дейін, зейнетақы аннуитеттері бойынша 47,1%-ға дейін үлесін көбейтіп, жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеті бойынша үлесін 42,9%-ға дейін төмендетті.
Аннуитеттік сақтандыру бойынша екінші орында зейнетақы аннуитеттері және жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеті бойынша «Halyk life» ӨСК орналасқан. Ол сәйкесінше 10,2 және 9,2 млрд теңге және 726 млн теңге жинады. Компания сыйлықақылардың өсімін нарықтан да жоғарғысын көрсете білді. Аннуитеттер бойынша сыйлықақылардың динамикасы 200%-ды құрады, осы нарықтағы компанияның үлесін 36,1%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Зейнетақы аннуитеті бойынша «Halyk life» ӨСК сыйлықақыларының динамикасы 248,6%-ды құрап, үлестің ұлғаюын 35,6%-ға дейін қамтамасыз етті. Жұмыс берушілердің аннуитеттері бойынша сыйлықақылары ӨСК нарықтық үлесін 36,5%-ға дейін ұлғайтып, 118,8%-ға дейін өсті.
Үшінші орында «Standard Life» ӨСК орналасты. Аннуитеттік сақтандыруда ол 3,6 млрд теңгені жинап, сыйлықақылардың 692,6%-ға тең (жылдан жылға) максималды динамикасын көрсете білді. Дегенмен ӨСК нарықтық үлесі 19,5%-дан 12,8%-ға дейін қысқарды. Зейнетақы аннуитеті бойынша «Standard Life» ӨСК сыйлықақылары зейнетақы аннуитеті нарығының 13,7% орын алып отырып, 989,1%-ға 3,5 млрд теңгеге дейін өсті. Жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеті бойынша «Standard Life» ӨСК сыйлықақыларды 29%-ға қысқартты.
Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлерінің сыныбы 743,7 млн теңгеден 510 млн теңгеге дейін төмендеп, сыйлықақылардың 31,4%-ға дейін құлдырауын (сәуір айының қорытындылары бойынша 21%-ға, жылдан жылға) күшейте түсті.
ӨСК тұрғысынан жазатайым оқиғаны (ЖО) сақтандыру бойынша сыйлықақылары 20%-ға өсті (жылдан жылға) және 3,4 млрд теңгені құрады. Максималды портфель – «Halyk life» ӨСК-да, ол 2 млрд теңгені құрайды, компания нарықтық үлесті 60%-ға ұлғайтты. Екінші орында 1,2 млрд теңгеге тең портфельімен ЕСК орналасты. Мамыр айының қорытындылары бойынша сыйлықақылардың динамикасы 95,7%-ға (жылдан жылға) артты, дегенмен компания өз орнын ұстап қала алмады. ЖО сақтандыру бойынша ЕСК-ның үлесі 34,6%-ға дейін қысқарды. Бірге екі компания да нарық көлемінің 94,6% орын алып отыр.
Ауырып қалу жағдайында сақтандыру (ЕМС) ӨСК тұрғысынан әлсіздеу буыны болып қалуда. Мамыр айының қорытындылары бойынша ЕМС портфельі 64,4%-ға 5,9 млн теңгеге дейін қысқарды.
Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) мамыр айында құлдырауды тоқтатып, плюсқа шыға бастады. Сыйлықақылар 16,9%-ға 12,8 млрд теңгеге дейін өсті. Барлық ӨСК жинақтары өсу қарқынынан жоғары өсуде, ал сыйлықақыларын 58%-ға қысқартып, құлдырауды жалғастырған МАК-тан басқасы.
«Nomad Life» ӨСК сыйлықақылардың мөлшері бойынша көшбасшы атанды, ол 4,2 млрд теңгені жинады. Бұл нәтиже компанияға портфельдің үлесі бойынша сегментте көшбасшылықты сақтап қалуға (32,8%) мүмкіндік берді.
Артынша сыйлықақылардың 4,1 млрд теңгесін жинаған, 32,4%-ға тең нарық үлесімен «Halyk life» ӨСК орналасты. Үшінші орында өткен айдағыдай, «Standard Life» ӨСК орнықты. Сыйлықақылар ЖОМС нарығының 14,7% иеленіп, 1,9 млрд теңгені құрады. Компанияның нарықтық үлесі өткен аймен салыстырғанда төмендеді.
Сыйлықақылардың жақсы динамикасы ӨСК-ға активтерді және сақтандыру қорларын ұлғайтуға мүмкіндік береді. ӨСК активтері мамыр айында (жылдан жылға) 128,4%-ға 360,7 млрд теңгеге дейін өсті, сақтандыру қорлары 128,6%-ға, 291 млн теңгеге дейін ұлғайды. ӨСК өзіндік капиталы күнтізбелік жылда 130,7%-ға 59,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. ӨСК таза пайдасы 159,3%-ға 8,6 млрд теңгеге дейін өсті.
Пайданың максималды мөлшері 3,6 млрд теңгені «Nomad Life» ӨСК көрсетті. Екінші орында 2,3 млрд теңге мөлшеріндегі пайдасымен «Halyk life» ӨСК орнықты, үшінші орында – 1,7 млрд теңге мөлшеріндегі пайдасымен ЕСК орналасты.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.