bs-preloader__icon
ru kz

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек нарығына қалай әсер етеді

2019 жылы жұмыс орнында жазатайым оқиғалардан 2111 адам зардап шекті – 2018 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға төмен. Бұл ретте, сақтандырушылар қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша жинаған сыйлықақылар көлемі 10%-ға өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек нарығына қалай әсер етеді

Еңбек қызметіне байланысты барлық жазатайым оқиғалардың үштен бір бөлігінен астамы Қарағанды облысына (433 зардап шеккен) және ШҚО-ға (302 зардап шеккен) тиесілі болды.

Сақтандыру компаниялары 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сегментінде 14,1 млрд теңгеге сыйақы жинады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға артық. Міндетті сақтандыру бойынша барлық жиналған сыйлықақылардың үлесі бір жылда 28,5%-дан 32%-ға дейін өсті.

Сектордағы төлемдер көлемі, керісінше, бірден 23,5%-ға қысқарып, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1,6 млрд теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша төлемдердің жиынтық көлемінен үлесі 14,6%-дан 12%-ға дейін қысқарды.

Секторда жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары арасында барлық сыйлықақылардың жартысына жуығы өмірді сақтандыру бойынша екі компанияға тиесілі:  «Nomad Life» (3,8 млрд теңге) және «Халық-Life» (3,1 млрд теңге).

«Еуразия» ӨСК жиналған сыйлықақылар көлемі бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артып, 1,2 млрд теңгеге жетті

Сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сегментінде «Халық-Life» (372,2 млн теңге), одан кейін «Nomad Life» (338,2 млн теңге) және «Еуразия» (169,1 млн теңге)  көш бастап тұр. Осы үш компанияға сегменттегі барлық төлемдердің 55% тиесілі.

Дереккөзі: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/proizvodstvennyj-travmatizm-sokrashaetsya-odnako-obyom-premij-sobrannyh-strahovshikami-po-obyazatelnomu-strahovaniyu-rabotnikov-ot-neschastnyh-sluchaev-vyros-na-10

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Егер сіз 40 жасқа дейінгі өмірді сақтандыру полисін сатып алсаңыз
Егер сіз 40 жасқа дейінгі өмірді сақтандыру полисін сатып алсаңыз

Өмірді сақтандырушылар сыйақы мөлшерлемелері...

Суық тию мен тұмауды қалай алдын-алуға болады
Суық тию мен тұмауды қалай алдын-алуға болады

"РБК стилі" суық тию мен вирустарға қарсы тұруд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру