bs-preloader__icon
ru kz

Әлемде өлім санының артуы күтілуде

2020 жылы БҰҰ мәліметі бойынша, қайтыс болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 63,2 миллион адамға жеткен. 2021 жылы әлемде 69,2 миллион адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6% көп, оның ішінде 37,5 миллион ерлер және 31,7 миллион әйел адамдар, деп жазады Finprom.kz.
Әлемде өлім санының артуы күтілуде

Еуропада 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім деңгейі ең жоғары болды: 13. Одан кейін Солтүстік Америка (9,5) және Африка (8,6). Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде бұл көрсеткіш 8,4, Азияда 8,1, Океанияда 6,5 болды.

Алдағы онжылдықтарда әлемде өлім саны 2021-2030 жылдары 645,1 млн адамға, 2031-2040 жылдары 738,1 млн адамға, 2041-2050 жылдары 862,3 млн адамға, 2051-2060 жылдары 975,8 млн адамға, 2061-2070 және 2071-2080 жылдары 1,1 миллиард адамға, 2081-2090 және 2091-2100 жылдары 1,2 миллиард адамға дейін артады деп болжап отыр.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/smert-i-smertnost-chto-prognoziruyut-analitiki-na-blizhajshie-gody

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру