«Біз сіздің қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыру жөніндегі шешіміңізді қолдаймыз. Менің ойымша, бұл ЕТҚ (еңбекақы төлеу қоры) қосымша ауыртпалық әкелетіні және, керісінше, біз 10 триллион теңге деп бағалаған, жалақының онсыз да деңгейі жоғары көлеңкелі секторын арттыратыны айдан анық. Бірақ, сонымен қатар бұл арада түйедей үлкен мәселе бар – бұл қазіргі үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің тиімділігінің жеткіліксіздігі және біз, сарапшылар ретінде, бұл мәселені ескермей кете алмаймыз», - деді ол 6 қыркүйек күні ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.
Өкінішке орай, оның сөзіне сенер болсақ, халықтың мұндай зейнетақы жүйесіне сенімі өте аз.
«Біз үш деңгейді декларациялаймыз – іс жүзінде 92% бюджеттен түседі. Міндетті жинақтаушы бөлік – ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы нақты табыстылық тек 0,09% құрайды. Жеке мені, бұл сан үлкен әбігерге салады», - деді Ошақбаев.
Ол тұрақты зейнетақы жарналарын жылына 12 рет 2,5 миллион адам ғана жүзеге асыратынын, ал республикада сегіз миллионнан астам адам жұмыспен қамтылғандығын атап өтті.
«Сонымен бірге, олардың 63% ең төменгі жалақы деңгейінен, яғни 42 мың теңгеден төмен жалақы алады. Жинақ деңгейі де өте төмен – 6,6 млн қазақстандықтың миллион теңгеге дейінгі жинағы бар, ал бес миллион теңгеден астам жинағы барлар саны – небәрі 282 мың адам, яғни осы 21 жыл ішінде міндетті жинақтаушы элемент ешқандай да пайда әкелмегендігін көреміз», - деді маман.
«Біздің ойымызша, сіздің жұмыс тобын құру жөніндегі тапсырмаңыз, біздің Еңбек министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен арадағы түсіністігіміздің деңгейі жоғары, шын мәнінде не қалайтынымызды, қай жүйе жақсырақ болатынын, балама нұсқалардың бар-жоқтығын көру үшін, жақсы мүмкіндіктерге жол ашады», - деп қоса кетті ол.
Сонымен қатар, Ошақбаев «БЖЗҚ» АҚ тәбеті оны «қатты таң қалдыратынын» атап өтті.
«Олар зейнетақы активтерін басқармаса да, зейнетақы активтерін басқарғандары үшін 45 миллиард теңге алады. Барлығын қоса алғанда, олардың комиссиялары 60 млрд. теңгені, ал әкімшілік шығындары 20 млрд. теңгені құрайды. 20 миллиард теңге әкімшілік шығынды қайда жұмсауға болатынын маған тіпті елестету де қиын», - деді ол.
«Салыстырма ретінде айта кетсем, 81 ММ бар, барлық бюджет-салық жүйесіне әкімшілік ететін Қаржы министрлігінің өзіне небәрі 6 миллиард теңге ғана жұмсаймыз. Ал, мұнда 20 миллиард теңге! Сонда, бізде есеп комитетінің бақылауынан тыс МӘМС, МӘСҚ және БЖЗҚ сияқты синекуралар бар болғаны ғой. Сондықтан да, біз сіздің бұл қорлардың бәрін бір әлеуметтік сақтандыру қорына біріктіру жөніндегі ұсынысыңызды қуанышпен қарсы алдық», - деп қоса кетті ол.
Сондықтан ол, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жалпы сындарлы актуарлық есептеулерге негізделетін зейнетақы жүйесінің реформасын әзірлеу жөніндегі жекелеген шағын топта жұмыс бастауды сұрады.
Ошақбаев, сонымен қатар, 2017 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесін енгізу механизмін қайта қарауды тапсырғандығын да атап өтті.
«Біз, тіпті, бұл туралы «Хабар» телеарнасында құрметті денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлымен (Біртановпен) пікірталас та өткізген болатынбыз, бірақ осы кейінге қалдырылған екі жыл ішінде, іс жүзінде, істелген жұмыс өте аз», - деді ол.
Оның пікірінше, үкімет енгізген бір ғана алға бастайтын реформа бар, ол – бірыңғай жиынтық төлем.
«Яғни, тыс қалып қалатын өзін өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға өте жақсы, ыңғайлы режим ұсынылды және жарты жылдың ішінде, шамамен, бір жылдық жоспар орындалды – 160 мың жаңа төлемші бұл режимді қолданды, яғни, бұл өте дұрыс бағыт және оны әрі қарай дамытпайтынымыз өте өкінішті нәрсе деп ойлаймын. Осыны ескере отырып, сіз жолдауыңызда МӘМС қатысты біздің қателік жіберуге құқығымыз жоқ екендігін дұрыс атап өттіңіз, сондықтан біз 5% қатар, келесі жылдан бастап МӘСҚ мөлшерлеменің 1,5%-дан 3%-ға дейін өсуін тоқтата тұру және МӘМС іске қосуды үкімет бірыңғай әлеуметтік қор құру және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі бұйрығыңызды орындағанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», - деп қорытындылады Ошақбаев....
Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/finansy/2019-09/v-10-trln-tenge-ocenili-zarplaty-v-konvertakh-v-kazakhstane
Фото: 24.kz, bnews.kz