bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР-да арнайы әлеуметтік төлем енгізілді: ол неден құралады

Бірінші қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР-да арнайы әлеуметтік төлем енгізілді: ол неден құралады

Бірінші қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы әлеуметтік төлем экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленеді. Қызметкердің 55 жасқа толуы, олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) төлеу арнайы әлеуметтік төлем алудың шарты болып табылады.

Қалай есептеледі

Арнайы әлеуметтік төлем мыналардан тұрады:

- арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мөлшерінде тағайындалады және 2024 жылы 86 814 теңгені (2*43 407) құрайды);

- зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (сақтандыру ұйымы 1 ЕТКД мөлшерінде тағайындайды, 2024 жылы – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары есебінен 43 407 теңге);

- жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем (2024 жылы жұмыскер еңбек шартын бұзған немесе еңбек жағдайларын өзгерту туралы еңбек шартына қосымша келісім жасасқан жұмыс беруші 1 ЕТКД, 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде тағайындайды);

- жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған кезде БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі (зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты).

Арнайы әлеуметтік төлемге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Кетодиета мидың жұмысын жақсартады
Кетодиета мидың жұмысын жақсартады

Стэнфорд медициналық университетінің ғалымда...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру