Геосаясаттық белгісіздік, сыртқы шоктар және ұлттық валютаның құбылмалылығы жағдайында жинақтаушы сақтандыру салымшылардың қаражатын сақтауға және сонымен қатар көбейтуге қабілетті қаржыландырудың балама көзі болып келеді. Сонымен, ағымдағы жылдың екі айының қорытындылары бойынша жиналған сыйлықақылар бойынша көшбасшы Nomad Life ӨСК болды: 14,8 млрд теңге немесе нарықтың 31,1%-ы. Бұдан бөлек, Nomad Life жалпы жиналған сыйлықақылар көлемі бойынша СК ТОП-З-тігіне кірді, бұл компанияның жетістігін және оның өнімдерінің сұраныста болуын білдіреді. Nomad Life 6 бағыт бойынша 9 өнімді ұсынады, олардың ішінде 3-і АҚШ долларында инвестициялар мен жинақтаушы сақтандыру бойынша өнімдер: ZOLOTO NOMADOV Invest, ZOLOTO NOMADOV, CAPITAL USD.
Жиналған сыйлықақылар бойынша ӨСК арасында екінші орынды «Халык-Life» компаниясы алды: бұл жерде сома 14,1 млрд теңгені құрады. ТОП-3-ті Freedom Finance Life аяқтайды: қаралатын кезеңге компанияның сақтандыру сыйлықақыларының сомасы – 5,2 млрд теңге.
Аталған үш компания нарықтың 70%-дан астамын қалыптастырады, бұл жоғары шоғырлану мен секторда ірі ойыншылардың айқын артықшылықтары туралы білдіреді.
Мақалада шетелде өмірді сақтандыру нарығы әзірге айтарлықтай көбірек дамығаны айтылады. Дамыған, сонымен қатар көптеген дамушы елдердің тұрғындары үшін сақтандыру өмір қалпы, денсаулық пен әл-ауқатты қорғаудың әдеттегі жолы, және тиісінше маңызды инвестициялық құрал болып табылады. Қазақстан біртіндеп ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жақындап келеді. Сонымен мысалы, ҚР ӨСК жинаған сыйлықақылар үлесі 2021 жылдың қорытындылары бойынша сақтандыру нарығы бойынша сыйлықақылардың жалпы көлемінен 46,6%-ды (2020 жылы - 40,3%) құрады, ал сол уақытта ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылдың қорытындылары бойынша 48,2%-ды құраған. Бұл ретте, кейбір елдерде сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру үлесі анағұрлым жоғары мәндерге жетеді. Сонымен, Данияда 2020 жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіш 72,8%, Ирландияда - 76,6%, Люксембругте - 88,4%, Сингапурде - 77,1%, Италияда - 74,4%, Ұлыбританияда - 70,5% деңгейінде болды және т.б.
Дереккөзі: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/garantiya-spokojnoj-zhizni-plyus-dohod-vsego-za-dva-mesyaca-kazahstancy-vlozhili-v-strahovanie-zhizni-bolee-47-milliardov-tenge
Сурет ашық дереккөздерден