Қазақстандық өмірді сақтандыру компаниялары өткен жылды сақтандыру нарығын цифрландыру және «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылға ҚР Үкіметінің заңжобасы жұмыстарының жоспары аясында ҚНРДА-ның жаңа жобаларын енгізудің арқасында, меншікті стратегиялары есебінен табысты аяқтады.
«Өткен жылы кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті іске қосылды және ӨЖС бағдарламалары бойынша салық жеңілдіктері пайда болды. Сонымен қатар, Заң жобасымен бірлескен (ерлі-зайыпты) зейнетақы аннуитетін енгізу көзделуде. Бағдарлама ерлі-зайыпты жұптың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша олардың арасында төлемдерді үлестіруге мүмкіндік беретін болады. Мысалы, егер бір жұбайында зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз, ал екіншісінде артығы болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті олардың екеуіне де өмір бойылық төлемдерді алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді «Freedom Finance Life» ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Жақын арада ӨСК Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне (МБЖЖ) қатысатын болады. Оның арқасында, қазақстандықтар болашақта өз балаларының жоғары білім алуына ақы төлеуге жіберілетін, жинақтаушы салымдарды жүзеге асыра алатын болады. «Жағдайдың қандай да бір түбегейлі өзгерістері туралы айтудың қажеті жоқ шығар, себебі бізде өмірде сақтандыру эволюциялық түрде дамып жатыр. Және дамушы елдер үшін неғұрлым мүмкін болса, ол жеткілікті дамыған. (...) Барлығымыз біздің еліміздің экономикалық көрсеткіштері азаматтарымыз үшін өмірді сақтандырудың көбірек енуіне ықпал етеді деген үміттеміз», - деп бөлісті «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.
Сонымен қатар, сақтандырушылар қаражатты меншікті цифрландыруға инвестициялап жатыр. Себебі, жас ұрпақ тауар мен қызметтерді Интернет арқылы қуана-қуана алады. «Бізге бизнес үдерістерді автоматтандыру, сақтандыру қызметтерін дамыту үдерістеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу қажет. Мемлекеттік деңгейде сақтандыру саласын қолдау шараларын енгізу керек», - деп түсіндірді «Nomad Life» ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
«Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова өзі басқарып отырған компания адамдардың қажеттіліктеріне көп көңіл бөлетінін айтады: «Жас әрі дамушы компания ретінде бізде дұрыс артықшылық бар. Саланың соңғы сапалы өзгерістері жағдайында біз әрдайым клиенттердің қажеттіліктерін зерттейміз, оңтайлы бәсекеге қабілетті өнімдерді, инновациялық технологиялық шешімдерді ойлап табамыз, қызмет көрсетудің жоғары сұраныстарына сәйкес келуге тырысамыз».
Өмірді сақтандыру – орта санат дамыған қоғамда сұранысқа ие өнім. Және Қазақстанда сақтандыру нарығының қанығуы үшін негізгі кедергі біреу ғана – халықтың әл-ауқатының жоғары емес деңгейі, егер азаматтардың табыс деңгейі өсетін болса, сақтандыру нарығы да өсетін болады.
Сурет ашық дереккөздерден