bs-preloader__icon
ru kz en

Испания: Бюрократтардан сақтандыру

Он жыл бұрын Испаниядағы сақтандыруды Еуроодақтың көптеген елдеріне үлгі ретінде қоюға болар еді: елде медициналық орталықтар техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған, дәрігерлер әртүрлі емдеу әдістерін ұсынады және, бұл өркениет игіліктері үшін төлеу қажет емес.
Испания: Бюрократтардан сақтандыру

Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді. Госпитальдар мен ауруханалар пациенттер ағымына қызмет көрсетіп үлгірмей жатты, қызметтер сапасы біршама төмендеді. Оның нәтижесінде сапалы медециналық көмек  аз адамдарға қол жетімді болды, сонымен бірге қосымша ақша төлеуді қажет етті.

Бір мезгілде жағдай критикалық деңгейіне жетті: және өлім жағдайда өтем алуды сот арқылы да алуға қиындай түсті. Үкімет бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлген жоқ. Сондықтар көптеген испандықтар альтернативті нұсқаларды іздей бастады. Айтпақшы, мемлекеттік сақтандырудан кем түспейтін келісім шарт жасасу арқылы көптеген жеке сақтандыру компаниялары туындай  бастады.  Бүгін испандықтардың біраз бөлігі (алты миллион – елдің шамамен 12 пайызы) жеке сақтандырушылардың қызметін қолданады.

Бірақ, бұл бірден барлық мәселелерді шешуге көмектеспеді. Бюрократтық сөзбұйда берілу қажетті ақшаны жылдар бойы күтуге алып келді. Испандықтар төлемдерді жүргізуде, әсіресе ауқымды апаттарға келгенде сараң емес екенін атап кеткен жөн. Ең ірі өтемақы 2004 жылы қала жанындағы төрт пойыздың жарылуы кезінде тағайындалған. Жақындарын жоғалтқан әрбір отбасыға сот 400 мың евро, ал әрбір зардап шегушіге 200 мың төлеуді орнатты.

Ауқымы кішірек жазатайым  жағдайларда өтемақы мөлшері азырақ: өлім жағдайында алты мың евро және егер адам күрделі жарақат алса, немесе мүгедек болып қалса, 12 мың евро. Соған қрамастан мемлекеттік, сол сияқты жеке сақтандырушылардың «төлеу уақытын» созу мәселелері әлі бар. Соңғы жылдары бұндай тәртіпке наразылық білдіру өсіп, трагедиялық жағдайға алып келді. Елде соңғы бес жылда ер адамдар арасында өзіне қол жұмсау өсті (2009 жылы төрт мың жағдай бекітілген). Мамандардың  бағасы бойынша олардың көбісі отбасыларының сақтандыру бойынша өтемақы алу үшін жасалған.

Бұл қорқынышты тенденция үкіметтің назар аударуына алып келді де, елде жаңа мемлекеттік құрылым – Сақтандыруды өтеу консорциумы құрылды. Бұл ұйым сақтандыру төлемдерінің  жүргізілуін кезеңімен  бақылайды, олардың зардап шегушілердің қолына қысқа мерзімде түсуін қадағалайды. Жаңа мекеме арқылы испандықтарға  сақтандырушылардың мәселелерін шешуге болады деп айтуға ерте. Себебі консорциум кезекті  бюрократтық шектен шығудың туындысына айналуы мүмкін. Ал Мемлекеттік мекеме құрылымы бұны әлбетте қолдап отыр. Мысалы, төленбеген өтемақы  арызымен орталық кабинетке шағымдануға болмайды, оны тек өкілеттіктердің бірі қабылдай алады.

Испанияда сақтандырушылар сонымен қатар  табиғи апаттар мен лаңкестік актілерді алдын ала ойлауды ұсынады. Бірақ Испанияда бюрократтықтан сақтандыруды әлі ойлап тапқан жоқ.

Ақпарат көзі:https://rg.ru/2010/11/23/strahovanie.html

Фотосуреттер  newtravel.by, madrid.portalglobus.ru сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әлемдік деңгейге жету
Әлемдік деңгейге жету

«Казахстанская правда» республикалық басылым...

Зейнетке мерзімінен ерте шығу. Нақты нұсқаулық
Зейнетке мерзімінен ерте шығу. Нақты нұсқаулық

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы өзге...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру