bs-preloader__icon
ru kz en

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимінде жасасуға болады

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері интернет-ресурстарын пайдалана отырып, сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасасып, сақтандыру полисін электронды нысанда ресімдей алады, деп ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз-қызметі хабарлайды. Шарттың электронды нысанын жасасу мүмкіндігі міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимінде жасасуға болады

Онлайн-сақтандыруды енгізумен міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаз полистерінің айналымы шығарылады. Сақтандыру шартын жасасу дерегі сақтандыру бойынша деректердің бірыңғай базасына сауалды жолдау арқылы тексерілетін болады.

Бұл орайда автоиелері әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынудың қажеті болмайды.

Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құның төмендетуге, сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы кеңсеге бармай-ақ, немесе делдалдардың қатысуысыз шарттарды тікелей жасауға, сақтандыру төлемдерін алуды тездетуге мүмкіндік береді, деп Ұлттық Банкіде атап көрсетті.

Сонымен қатар сақтандыру компаниялары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасау кезінде 10%-ға дейінгі жеңілдікті ұсынуға құқылы.

Тиісті заңнамалық түзетулер 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілгенін есіңізге сала кетейік.

Фото abctv.kz, ru.dreamstime.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру туралы үйлену тойының алдында қою тиіс сұрақтар
Өмірді сақтандыру туралы үйлену тойының алдында қою тиіс сұрақтар

Үйлену тойының алдында әдемі көйлек немесе мә...

Өзбекстанда жаяу серуендеуді қаржылай ынталандырылатын болады
Өзбекстанда жаяу серуендеуді қаржылай ынталандырылатын болады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарл...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру