bs-preloader__icon
ru kz en

Адам –күннен күнге қымбатырақ естіледі. АҚШ-та адам өмірі қаншаға бағаланады

АҚШ-та авиажолаушы өмірінің шартты құны көлік министрлігімен үш миллион доллар деңгейінде белгіленген. АҚШ азаматы авиаапат нәтижесінде қайтыс болған жағдайда, бюджеттен төленуі тиіс сома инфляцияның ескерілуімен мерзімді түрде қайта қаралып тұрады. Мәселен, 1997 жылы "шартты" америкалықтың өмірі 2,7 миллион долларға бағаланған.
Адам –күннен күнге қымбатырақ естіледі. АҚШ-та адам өмірі қаншаға бағаланады

Америкалықтардың өмір құндарының ауқымы расында да үлкен, әдетте ол 500 мың доллардан басталып, адам тірісінде осындай сома көлемінде қаражат тапқан жағдайда, ондаған миллионға дейін жетеді. Бүгінде «өмір мен өлім» бағасын есептеу әдістемесі күрделі болып табылады және жасы, білімі, жұмысы және жылдық табысы сияқты факторларды ескереді.

11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің отбасыларына АҚШ бюджетінен бөлінген өтемақы сомасы дәл осындай көрсеткіштердің және экономистер оның мансабының өсуі нәтижесінде табысының әлеуетті ұлғаюы ретінде белгіленген аталмыш «өсу коэффициенті» негізінде есептелген. Он жылдай бұрын АҚШ-та лаңкестік шабуыл кезінде қайтыс болған америкалықтардың туыстары 250 мыңнан 7 миллион долларға дейін алған.

Шиеленіс нүктелерінде соғысып жүрген әрбір америкалық солдаттың өмірі мен денсаулығы Пентагонмен 250 мыңға сақтандырылған. Бірақ бұл сақтандырудан бас тартып, ай сайын жалақыға 10 доллар үстеме ақша алуға болады. Ал солдаттар өз қалтасынан біраз ақша қосатын болса, онда 35 жасқа дейін сақтандыру өтемін бір миллион долларға дейін арттыруларына болады.  

Оңтүстік штаттарда тұрып, жиі болып тұратын табиғи апаттардан соққы алып жататын көптеген америкалықтар өздеріне жазатайым оқиға мен табиғи катаклизмнен өмірін сақтандыру полистерін өз бетімен сатып алады. Әйтпесе олардың туыстарына қайтыс болған жақындарының  өмірлері үшін ешкім ақша төлемейді. 20 жастағы АҚШ тұрғындары үшін, осындай полис жылына 3 мыңнан 7 мың долларға дейін тұратыны есептелген. Сондай-ақ, америкалық сақтандырушылар өз «шығындарының» – зардап шеккендерге төленетін төлемдерінің басым бөлігін АҚШ-та дауылдар маусымы басталатын екінші жарты жылдықта төлейтіні белгілі.

Америкадағы барлық автомобилистер өз жауапкершіліктері мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін міндетті түрде сақтандырады. Әдеттегі автосақтандыру полисі – ресейлік ӘҚЖМС аналогы, әдетте сақтандыру компаниясының КЖО-да өмірінен немесе денсаулығынан айрылғандарға 25 мыңнан 50 мың долларға дейін төлем төлеу бойынша жауапкершілік шектерін қарастырады.

Жерде, суда немесе ауада сақтандырылған америкалықтың мертігуіне немесе өліміне алып келген сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, төлемдер сақтандыру компанияларымен автоматты түрде төленеді. Егер туыстары төлем сомасымен немесе мерзімімен келіспейтін болса, онда олар АҚШ-та көптеп саналатын сақтандыру істерінде машықтанған адвокаттарды жалдайды.

Дерекнама: https://rg.ru/2010/11/23/strahovanie.html

Фотосурет arnnewscentre.ae сайтынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – сақтандыру ме...

Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?
Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады
Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады

Бүгінгі күні дамыған елдерде адамдардың көбін...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру