bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру дегеніміз не

АҚШ-та 373,5 млн сақтандыру полисі жұмыс істейді. Бұл елдің бүкіл халқының санынан 100 млн-ға артық. Бұл санға жеке және топтық сақтандыру полистер кіретінін атап кеткен жөн.
Өмірді сақтандыру дегеніміз не

Америкалықтар сақтандырылған жалпы сома $ 13 трлн асады. Бір американдық отбасы сақтандырылған орташа сома – $ 165 800 құрайды.

Өмірді сақтандыру дегеніміз не?

Америкада полистердің екі негізгі түрі бар. Біріншісі 10, 20, 30 жылға арналған ұзақ мерзімді сақтандыруды өтейді. Мұндай сақтандыру отбасы жұптардың арасында танымал.

Адамдардың көпшілігі бұл өнім көп ұзамай қайтыс болатын егде адамдарға қажет деп ойлайды. Шын мәнінде, орташа жаста өмірді сақтандыру, әсіресе ата-аналар үшін өте маңызды. Егер әкесі жұмыс жасаса, ал анасы үйде балалармен айналысса, жазатайым оқиғада жақындар кедейлікке ұшырайды. Сондықтан өмірді сақтандыру ата-аналардың бірінің табысын ауыстыру үшін өте маңызды.

Темекі шегушілер үшін сақтандыру қымбат

35 жастағы әйелі мен күйеуі үшін, 30 жылға өтемі $500 мың тұратын полисті денсаулық жағдайына байланысты айына 50-ден 80 долларға дейін тұратын болады. Әдетте сақтандырушымен шарт жасауға ниет білдірушілер ӨСК төлейтін медициналық тексеруден өтуі тиіс. Дәрігерлердің қорытындысы негізінде болашақ клиенттерге тариф анықталатын рейтинг беріледі. Стандартты рейтинг (көп жағдайда), темекі шегушілердің рейтингі, әдетте, стандартты деңгейден 2-3 есе қымбат болады. Ал сақтандыру компаниясына байланысты клиенттерге жақсы дене бітімі және керемет денсаулығы үшін жеңілдік беретін рейтинг беріледі.  

Жинақтаушы полис

АҚШ-та сақтандырудың екінші түрі – жинақтаушы полистердің алуан түрі. Олар әлдеқайда қымбат. Шын мәнінде сақтандыру индустриясы жалықтыратын және үркітетін өнімді тартымды етіп жасауды ойдан шығарды. Universal Life, Index Universal Life, Variable Universal life және Flexible Universal Life сияқты жинақтаушы полистері ұзақ мерзімді полистерден үш-төрт есе қымбат тұрады.

Whole Life-тың  Universal Life сияқты икемділігі жоқ, ірақ клиенттің қалауы бойынша сақтандыру полисінің жыл сайынғы дивидендтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Дивиденттер есебінен сақтандыру өтемінің сомасын арттыруға немесе болашақ төлемдерді азайтуға болады.

Дереккөзі: https://www.usnews.com/life-insurance/whole-life-insurance

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда өмірді сақтандыру өсімді бастан кешіруде - ҚҚҚ
Қазақстанда өмірді сақтандыру өсімді бастан кешіруде - ҚҚҚ

Қазақстанда өмірді сақтандыру зейнетақы жина...

"Келешек" бағдарламасының негізгі артықшылықтары аталды
"Келешек" бағдарламасының негізгі артықшылықтары аталды

Неліктен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйе...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру