bs-preloader__icon
ru kz en

Егер өмірді сақтандырудан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, үш сұраққа жауап беріңіз

Америкалықтардың жартысынан сәл ғана көбінде өмірді сақтандырудың бірнеше полистері бар. Кейде өзіңіздің қаржылық істеріңізге тексеріс жүргізу қажет. Егер сіз қандай-да бір полистен бас тартуды шешсеңіз, онда сізге өзіңізге бірнеше сұрақтарды қойған жөн, деп жазады Fool.com.
Егер өмірді сақтандырудан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, үш сұраққа жауап беріңіз

Сіз өмірді сақтандыру туралы не білесіз?

Өмірді тәуекелді сақтандыру бір-жалғыз сақтандыру жағдайын білдіреді – өмірден кету. Мұндай полис бойынша адам бір жарна төлейді немесе оларды ұдайы төлейді – бұл жерде барлығы шартқа байланысты. Сақтандыру жағдайы орын алған кезде, ақшаны бенефициарлар алады.

Өмірді мерзімді сақтандыру жиі аралас сақтандыру аталатынға негіз болады, ол кезде сіз ауырсаңыз немесе жарақат алсаңыз да төлем аласыз. Бұл ретте жинақтар жасалмайды.

Мұндай аралас сақтандыруда сіз өздігінен мыналарды таңдай аласыз:

төлем мөлшері;

мүмкін жағымсыз жағдайлардың тізімі (мүгедектік, жарақат, өлімге әкелетін ауыр аурулар)

мерзімі — бір жылдан 20 және одан артық жылға.

Мүліктік жоспарлау жағдайында өмірді сақтандыру полисі әсіресе өтімді активтері аз адамдарға тиімді болуы мүмкін. Өмірді мерзімді сақтандыру сонымен қатар қайтыс болғаннан кейін өз мұрагерлеріне шығынмен ауыртпалық салғысы келмейтіндерге қолайлы.

Сіз полистен нені қалайсыз?

Өмірді сақтандыруды бағалаудың басқа тәсілі – адамдардың тілегі. Өмірді сақтандырудың мүмкіншіліктерінің бірі мақсатты қаржыландыру болып табылады, ол кезде адам қаражатты өзінің зейнетақысына немесе балалардың білім алуына жинайды. Мұраны сыйға тарту – өмірді сақтандыру полисін тағы бір мүмкін қолданылуы. Сақтандырылушы өзінің инвестициялық полисін балаларына немесе немерелеріне бере алады.

Сіз өмірді сақтандыруға қанша жұмсайсыз?

Әдеттегідей, мерзімді сақтандыру жинақтау мүмкіндігінсіз таза сақтандыру болып табылады. Инвестициялық құрауыш полистің құнын едәуір қымбаттатады. Зейнеталық жоспарлау кезінде сақтандыру жарналары мерзімді сақтандыру кезіндегі жарналардан айтарлықтай жоғары. Бірақ бұл жерде де үнемдеуге болады. Мысалы, зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, жас адамдар 40-50 жаста зейнетақы жоспарларын сатып алатындарға қарағанда едәуір үнемдейді.

Дереккөзі: https://www.fool.com/the-ascent/insurance/life/articles/thinking-about-ditching-your-life-insurance-policy-answer-these-3-questions-first/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмір бойында КСЖ полисіне клиенттердің талаптары қалай өзгереді
Өмір бойында КСЖ полисіне клиенттердің талаптары қалай өзгереді

Адамдардың өмірді сақтандыру бойынша компани...

Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты
Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты

Кардиолог Дмитрий Напалков жүрек-қан тамырлар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру