Жеке өмірді сақтандыру полисін басқа нәрсеге айналдыру үшін өмірді сақтандыру компаниясының қызметкерінен кеңесу алу қажет. Мысалы, сіз полистің көбірек табыс әкелетінін, полистің үлкен кередитке кепіл бола алатынын немесе медициналық мекемеде ұзақ мерзімді күтімді қамтамасыз ете алатынын білуге болады.
Сақтандыру
Өмірді сақтандыру полисін оңай өзгертуге болады: жинақтау полисін инвестициялыққа айналдыруға, содан соң аннуитет сатып алуға болады.
Кредит
Егер Сізге кредит қажет болса, тұрақты өмірді сақтандыру полисінің ақшалай құны керек болуы мүмкін. Мысалы, сіз өзіңіздің сақтандырушыңыздан кредит ала аласыз, ал полис осы несиені қамтамасыз ету қызметін атқарады. Мұндай кредит сақтандырушыдан қарыз алушының кередит төлеу қабілетін тексеруді талап етпейді және ол бойынша пайыздық мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелерден төмен болады.
«Бұл кредит алудың мінсіз тәсілі сияқты естіледі, барақ бұл сіздің өз полисіңізден айырылып қалуыңызға әкелуі мүмкін, егер абай болмасаңыз. Мысалы, егер қарызды өтеуді тоқтатсаңыз» - делінген мақалада.
Мұндай ссудалар сомасы 100 мың долларға дейін жетуі мүмкін, ал қарызды өтеу мерзімі екіден 15 жылға дейін.
Мерзімінен ерте кету
АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің дерекері бойынша 65 жастағы адамдардың 70%-ға жуығы күндердің күнінде өмірінің ақырына дейін ұзақ мерзімді күтімді қажет етеді (үйдегі күтім немесе қосалқы мекеме). Медициналық көмек түріне және қайда тұратыныңызға байланысты бұл айына бір мыңдаған доллар тұруы мүмкін.
Ұзақ мерзімді күтім көрсету бойынша сақтандыруды сіздің өмірді сақтандыруыңызға қосу осы шығындарды жабуға және сіздің отбасыңызды медициналық қызмет шоттарын төлеу қажеттігінен босатады.
Осы райдердің қызметін пайдалану үшін сізге толық медициналық зерттеуден және ауыр науқастарды диагностикалаудын өту қажет.
Дерек көзі: https://www.cnbc.com/select/how-to-use-life-insurance-right-now/
Фото ашық дерек көздерінен алынды.