Былтырғы жылдың сәуір айында полицияның Кетово бөліміне бір әйелден оның азаматтық күйеуі жоғалып кеткені туралы арыз келіп түсті. Ол Тобол өзеніне балық аулау үшін кетіп, екі күннен бері ешқандай хабар келмегенін айтты. Жоғалып кеткен балық аулаушыны іздеуге құтқарушылар жасағы жіберілді, олар жоғалып кеткен еркекке тиесілі қармақ пен киімді тапты.
Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Зауральенің тұрғыны банктерге 2 млн рубльден астам қарызы бар екен, ал оның өмірі мен денсаулығы 4,7 млн рубльге сақтандырылғанын анықтады.
Сонымен осы жылғы ақпан айында өзенде «жоғалып кеткен» ер азаматты Лесниково ауылында өзінің азаматтық әйелінің үйінде кездейсоқ түрде тауып алды. Ол қайтыс болмапты, тіпті сап-сау болып шықты. Сақтандыру төлемдерін алу үшін ол қайтыс болып көрінген. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда құжаттар сотқа жіберілді. Прокурор айыпталушылар үшін абақтыда 6 жылды сұрап жатқаны белгілі.
Ресейде сақтандырумен алаяқтық кеңінен таралған қылмыстың түрі. Кейде ақшаны алу үшін азаматтар тәуекелге барады. Кубаньде бір әйел өз үйін 600 мың рубльге сақтандырып, оны өрттеп жіберді. Тергеу барысында ағаш мүліктің иесі өрттеудің алдында бүкіл электр құрылғылар мен газ жабдықтарын өшіріп, бағалы заттарды көршілеріне көшіріп алғаны белгілі болды. Ол алаяқтық және өрт шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Дереккөзі: https://vistanews.ru/incident/srime/260740
Фото saratov.aif.ru, vbr.ru сайттарынан алынды.