bs-preloader__icon
ru kz en

Lloyd’s басшысы британдық сақтандыру үшін Brexit салдарын келеңсіз бағалайды

Lloyd’s Лондондық сақтандыру нарығының бас атқарушы директоры Инга Бил BBC-ге берген өз сұхбатында «white paper» Brexit-те баяндалған Ұлыбританияның Еуропалық одақтың құрамынан шыққанын түсіндіріп берді, деп ukrstrahovanie.com.ua хабарлайды.
Lloyd’s басшысы британдық сақтандыру үшін Brexit салдарын келеңсіз бағалайды

Билдің пікірінше, ЕО-мен болашақтағы өзара әрекеттесуге қатысты британдық үкіметтің жоспарлары Ұлыбританиядан компаниялардың кетуінің күшеюіне себеп болады.

«Енді бізде бизнесті жазу немесе сақтандыруды ЕО 27 шеңберінде ұсыну мүмкіндігіміз болмайды, және бұл біздің позицияларымыздың әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін», – деді Бил. «Бұл біздің көңілімізді түсіреді, өйткені біз Ұлыбритания экономикасының негізгі 80% құраймыз».

Lloyd’s басшысының бұл түсініктемесі банктер мен сақтандырушылардың қызметіне Brexit-тің кері әсерін де, сонымен қатар елдегі жұмыспен қамтудың көрсеткіштерін төмендетеді деп ойлайтын британдық қаржы секторының басқа өкілдері де қолдайды.

Британдық сақтандырушылар ассоциациясының бас директоры Хув Эванс: «Түпкі нәтиже қандай болмасын, сақтандыру саласы паналайтын орынға айналатындай өте маңызды болып келеді /.../ бұл сақтандыру секторымыз үшін ең нашар сценарий болар еді, сондықтан біз едәуір қолайлы нұсқаны талқылау үшін үкіметке жүгінетін боламыз».

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/glava-lloyd-s-negativno-otsenivaet-posledstviya-brexit-dlya-britanskogo-strahovaniya

Фотосурет billionnews.ru сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Австралиялықтар өздерінің зейнетақы шоттарынан ақша алуға дайын
Австралиялықтар өздерінің зейнетақы шоттарынан ақша алуға дайын

880 мыңнан астам австралиялық зейнетақы жарнал...

Зерттеу – қазақстандықтардың жалақысы әлемде ең төменгілердің бірі
Зерттеу – қазақстандықтардың жалақысы әлемде ең төменгілердің бірі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрл...

Қазақстанда коронакризистің басталуынан ЖІӨ қысқаруы минималды болды
Қазақстанда коронакризистің басталуынан ЖІӨ қысқаруы минималды болды

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда ЖІӨ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру