bs-preloader__icon
ru kz en

Жинақтық сақтандыру: Канададан көзқарастар

Алмас Рымов, Қазақстанда сақтандыру индустриясында 7 жыл қызмет жасап, 2011 жылдан Канададағы ірі сақтандыру компанияларының бірі – SunLifeFinancial-нің қызметкері болып келеді. Бұл компаниядағы қызметкерлер саны шамамен 27 000 адамды құрайды (сақтандыру агенттерін қамтымағанда) және активтердің жалпы көлемі басқару астында 700 млрд. доллардан асып тұр. SunLife-тің 10-нан артық елдерде еншілес компаниялары бар және Fortune 500 әлемнің ірі компанияларының қатарына енеді.
Жинақтық сақтандыру: Канададан көзқарастар

Алғашқы екі жыл аралығында Торонтода, ірі еншілес компанияларын Индия және Қытайда курирлеуші, SunLife департаментінде қызметкер болды, және 2013 жылдан бері канадалық сегментте активтерді және міндеттемелерді басқару бойынша департаментте жұмыс жасайды. Алмас біздермен Канаданың сақтандыру нарығындағы өз бақылауларымен бөлісті.

 «Канада, Қытай және Индияның өмірді сақтандыру нарықтарын зерттей отырып, түсіне бастайтынымыз, сақтандыру өнімдерінің дизаины әр елде демографиялық, экономикалық және мәдениеттік факторлармен анықталынады. Индияда 10-30 жыл мерзімді «ұзақ» жиынтықты сақтандыру өнімдері танымал, Қытайда – 5-10 жыл мерзімді «қысқа» жинақтаушы өнімдер, Канадада – мерзімі 10 жыл немесе өмірдің соңына дейінгі полистер танымал.

Өзім үшін мен бұл елдердегі мәдениеттік ерекшеліктерді анықтадым: Индияда 1955 жылдан сақтандыру өнімдерін сатудың монопольды құқығына ие болған мемлекеттік сақтандыру компаниясы бар. Дәл осы компания индиялықтарды сақтандыруға сенуге және ұзақ мерзімді қызмет ететін өнімдерді сатып алуға үйретті. Қытайда өмірді сақтандыру салыстырмалы түрде жуырда дамыды және банкілік өнімдермен бәсекелеседі, сондықтан полистер негізінен қысқа мерзімді банкілік депозиттік өнімдерді еске түсіреді.

Канада да демографиялық фактор аса сезіледі – елде тұрғындардың «Бэби-бумеры» деп те аталынатын зейнеткерлік жастағылардың үлесі жоғары өсуде, яғни соғыстан кейінгі жылдары туылу кезеңінде дүниеге келген ұрпақ. Себебі бұл демографиялық топ айтарлықтай жинақтар жинақтады, жиынтық сақтандыру өнімдерінде негізгі тірек зейнетақылық құраушыға жасалынады.

Инвестициялық құраушысы бар жиынтықты сақтандыру (Unit LinkedInsurance)

Осы елдер тәжірибесінен Қазақстанда нені қолдануға болады? Сақтандырудың қандай өнімдері қазақстандық нарық үшін қызық болар еді? Менің паймдауымша, жинақтамалық сақтандыру – бұл Қазақстанда өмірді сақтандыру барынша динамикалы дамытылына алатын бағыт.

Жинақтамлық сақтандырудың әртүрлі нұсқаларынан инвестициялық құраушылары бар жинақтық сақтандыруға тоқталғым келеді, яғни Unit-Linked өнімдері, немесе UL.

Бұл өнімдердің ерекшеліктері бірнеше:

  • Мәнісі жағына UL компанияның сақтандыруға шығындарын жабу үшін белгілі бір пайыз ай сайын есептелінетін үлестік қорға инсестициялармен ұқсас.
  • Полис ұстаушыға инвестирлеу үшін құралдар таңдауы беріледі, оларда:
    • Табыстылық акция индексіне байланған, мысалы, американдылыққа S&P 500,  европалыққа EuroStoxx 50, жапондыққа NIKKEI, Казахстандық индекске KASE және т.б..
    • Табыстылық бекітілген және банкілік депозитке ұқсас мерзімге тәуелді.
    • Табыстылық ұжымдық немесе мемлекеттік облигациялар индексіне байланған.
    • Құралдар нақты үлестік қорға инвестирленеді, мысалы, Ishares немесе Vanguard қорларына.
    • Жоғарыда келтірілген опциялардың инвестицияланылатын қорларға кез келген сәтте өлшемдерді өзгеру мүмкіндігімен құрамдастыру.
  • Сақтандыру соммасы қордағы инвестиция құнына тең, не болмаса бекітілген, не болмаса алдыңғы опциядағылардың ең жоғарғысына тең.
  • Уақытынан бұрын тоқтату жағдайында бірнеше алғашқы жылдарда қор теңгерімінде белгілі бір пайыз сақталынады.

Неліктен Канадада UL өнімдері танымал? Біріншіден, салықтар экономикасы тұжырымы жағынан тиімді. Жеке табыс салығы Канадада өте жоғары және 40% артық жылына 120 мың долларға жетеді. Егер де тұтынушы жалақысы жылына 120 мың доллардан артық болса, онда бұл тұтынушыға зейнеткерлікке шыққаннан кейін өтеу мерзімі бар жинақтамалық сақтандыру сатып алу тиімді, себебі зейнеткерлікке шығуда жинақтамалық инвестициялық табыс салықтың азырақ мөлшерлемесі бойынша салық салынады (мысалы - 20%).

Тұтынушының өлімі жағдайында инвестициялық табыс өлім бойынша өтем түрінде төленеді және салықпен салынбайды. Жинақтары, айтарлық, 1 млн. долларлы клиенттер үшін бұл салықтағы үнемдеу болуы мүмкін. Екіншіден, тұтынушы жиі инвестициялық шешімдер қабылдамайды. Инвестирлеу үшін қорды бір рет таңдап, тұтынушы қаржылары жайлы ұзақ уақыт бойы алаңдамаса болады.

Қазақстандағы болашақ

Сатылым тәжірибелері бойынша UnitLinked дамушы нарықтарында өнімдер акциялар қорларына қаржы инвестирлегісі келетін тұтынушылар үшін танымал. Сондай-ақ UL қорларын долларлық индекстерге инвестирлеу болашағы көрінеді.

UL өнімдерінің жолындағы жалғыз кедергі Қазақстанның сақтандыру заңнамасының жетілдірілмеуі, мұнда сақтандыру компаниясы жинақтамалық сақтандырудың бұл түрінде пруденциальды нормативтерге қойылатын талаптарға байланысты жеткілікті портфелін өсіре алмайды. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру