bs-preloader__icon
ru kz

Кейбір ӨСК АҚШ қарт адамдармен шарттарды жасасуды тоқтатты

АҚШ-та кейбір өмірді сақтандыру компаниялары пандемия кезінде қарт адамдар тарапынан өтінімдерді қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Reuters.
Кейбір ӨСК АҚШ қарт адамдармен шарттарды жасасуды тоқтатты

Мәселен, Prudential Financial және Protective Insurance компаниялары 80 жастан асқан қарт америкалықтардың өтініштерін қабылдауды әзірше тоқтатты. Mutual of Omaha Insurance және Penn Mutual Life Insurance 70 және одан жоғары жастағы адамдардың өтініштерін қарастырмайды.

Қарт американдықтарды сақтандыру ең жақсы жағдайларда АҚШ-та өмір сақтандырушылар үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін, бірақ ол үлкен сақтандыру пайда әкеледі. Policygenius онлайн брокерінің деректеріне сәйкес сау 40 жасар әйел $250 мыңдық өмір бойы полис үшін жылына шамамен $180 төлейді, ал сау 70 жасар әйел $2244, немесе 1146%-ға артық төлейді.

Сақтандырушылар компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына өзгерістер енгізетінін, өзгерістерді директорлар кеңесі қабылдаған соң, егде адамдардың өтініштері әдеттегі тәртіппен қаралатын болады деп мәлімдеді. Бірнеше ӨСК баспасөз хатшылары мұндай шараларды қайта сақтандырушылар мен актуарийлер ұсынғанын хабарлады.

Дереккөзі: https://www.reuters.com/article/us-health-coronavirus-insurance-life/some-life-insurers-hit-pause-on-older-americans-during-coronavirus-crisis-idUSKBN21Z24D

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық

Британдық сақтандырушылар қауымдастығы Abi авт...

Жинақтаушы сақтандыру жеке капиталды қалай көбейте алады
Жинақтаушы сақтандыру жеке капиталды қалай көбейте алады

Соңғы екі айда COVID-19 пандемиясы ел экономикасы...

Аннуитет туралы бес факт
Аннуитет туралы бес факт

Әлеуметтік қамсыздандыру барлық зейнеткерлік...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру